Добавить в корзинуПозвонить
Найти в Дзене

1804-1813 жж. бірінші парсы (иран) - орыс соғысы

Бұл соғысқа тікелей итермелеуші күш 1801 жылы Грузия аймағының Ресей империясына қосылуы себепкер болды. Бұған дейін Кавказ аймағы Парсы патшалығы (шах) мен Осман сұлтандығының ықпалында болды. Алайда, Кавказ аймағын қоныстанған христиан дінін ұстанатын грузин, армян князьдерінің саяси-экономикалық кемсітушілік көруі - соңғысын Христиан мемлекетінен қолдау сұрауға итермеледі. Жақын Христиан мемлекеті - Ресей империясы болды. 1803 жылы Грузия аймағын өзіне қосқан Ресей империясының әскері жақын орналасқан халықтарды өзіне қосу жорығын бастады. Бұл жағдай Эриван, Қарабах, Ширван хандықтарының парсы мемлекетінен көмекке сұрауға әсер етті. 1804 жылы Кавказ аймағында Парсы-Орыс соғысы басталды. Парсы әскері орыс әскерінен қарағанда нашар қаруланған болды. Еуропада Ресей империясының Австро-Венгрия, Пруссия корольдықтарын қолдауы - француздарды парсы мемлекетіне қолдау көрсетуге мәжбүрледі. Бірақ Француздар Еуропада бірнеше мемлекеттермен соғысып, парсыларға айтарлықтай көмектесе алмады. Па

Бұл соғысқа тікелей итермелеуші күш 1801 жылы Грузия аймағының Ресей империясына қосылуы себепкер болды. Бұған дейін Кавказ аймағы Парсы патшалығы (шах) мен Осман сұлтандығының ықпалында болды. Алайда, Кавказ аймағын қоныстанған христиан дінін ұстанатын грузин, армян князьдерінің саяси-экономикалық кемсітушілік көруі - соңғысын Христиан мемлекетінен қолдау сұрауға итермеледі. Жақын Христиан мемлекеті - Ресей империясы болды.

1803 жылы Грузия аймағын өзіне қосқан Ресей империясының әскері жақын орналасқан халықтарды өзіне қосу жорығын бастады. Бұл жағдай Эриван, Қарабах, Ширван хандықтарының парсы мемлекетінен көмекке сұрауға әсер етті.

1804 жылы Кавказ аймағында Парсы-Орыс соғысы басталды.

Парсы әскері орыс әскерінен қарағанда нашар қаруланған болды.

Еуропада Ресей империясының Австро-Венгрия, Пруссия корольдықтарын қолдауы - француздарды парсы мемлекетіне қолдау көрсетуге мәжбүрледі. Бірақ Француздар Еуропада бірнеше мемлекеттермен соғысып, парсыларға айтарлықтай көмектесе алмады. Парсы патшалығында - француздар мен ағылшындар үздіксіз бәсекелесумен болды. Француздар да, ағылшындар да - парсыларды орыстарға қарсы соғысқа айдап салумен болды.

Француздар мен ағылшындар үшін парсы-орыс соғысы - Ресей империясын Еуропалық соғыстардан алшақтатады деп түсінді.

1804-1813 жж. Парсы-орыс соғысында француздар мен ағылшындар - парсыларға әскери жағынан көмек көрсетпеді.

Кідіріспен 9 жыл жүрген соғыс - орыстардың жеңісімен аяқталды.

Парсы мемлекеті мен Ресей империясы 1813 жылы Гүлстан келісіміне қол қойды.

- Дағыстан аймағы, Солтүстік Азербайжан - Ресей империясына қосылды

- Каспий теңізінде - Ресей империясы әскери флот ұстауға мүмкіндік алды

Сурет ғаламтордан алынды