Найти в Дзене

Ресей империясының отаршылдық мақсатындағы - қазақ жерінде жүргізген 1822-1824 жж. реформалары

ХVIII ғасырдың аяғында Орта жүзде Абылай ханның қайтыс болуымен, Кіші жүзде Сырым Датұлы басқарған ұлт-азаттық қозғалыстың әсерімен ықпалды хандар дәуірі аяқталды. Осы жағдайды мейлінше руаралық, сұлтандар арасындағы қақтығыстарды үдете отырып, нәтижеге қолжеткізген Ресей империясы - хандарға тәуелсіз билік бермеуге тырысты. ХІХ ғасырдың бас кезінде Ресей империясының әсерімен жүздің ішіндегі мәселені шеше алмайтын деңгейге жетті. ХІХ ғасырдың бас кезінде Орта жүзде Уәли ханның беделін төмендету үшін жапсарлас Бөкей сұлтанды(Бөкей Ордасын құрушы емес) хан етіп сайлады. Бұл Орта жүздегі руларды екіге бөлді. 1817 жылы Бөкей ханның қайтыс болуымен, 1819 жылы Уәли ханның қайтыс болуымен Орта жүзде хан сайланбады. Уәли ханның ұлы Ғұбайдолла сұлттаның хандық билікке иелену әрекеті нәтижесіз болды. Оны орыс-казактары тұтқындап алып кетті.

Кіші жүзде хандық билікті алуға тырысқан Арыңғазы сұлтанды (ханды)Ресей империясының шенеуніктері Петербургке алдап шақырып, Калугаға жер аударып жіберді. Шерғазы ханды - хандық биліктен алып, Орынборға қызметке шақырды. Шерғазы хан - хандық биліктен бастартса да, Орынборға бармай қойды.

1822 жылғы "Сібір қырғыздарының жарғысы" - Орта жүзде хандық билікті жойды.

1824 жылғы "Орынбор қырғыздарының жарғысы" - Кіші жүзде хандық билікті жойды.

Орта жүз - округтар - болыстарға - ауылдарға бөлінді.

Кіші жүз - дистанцияларға - болыстарға - ауылдарға бөлінді.

Қазақ шаруаларының жайылымдық жері округ, болыс, дистанция көлемінде шектелді.

Қазақ қоғамында - хандық басқару жойыла отырып, қазақ мемлекеттілігі жойылды.

Билер соты - болыс, ауыл деңгейінде шектелді.

Аға сұлтандарға жалақы беріліп, біртіндеп - отаршыл биліктің жергілікті өкіліне айналды. Аға сұлтанды сайлау - руаралық тартыспен жүрді. Сайланған аға сұлтанды - Ресей империясы бекітуі міндетті болды.

Ресей империясының әскери бекіністері - қазақ даласына ішкерілей салынып, қазақ руларының жері - империя мүддесіне сай алына бастады

Сурет ғаламтордан алынды

Жердің тартып алуына қарсы наразылық танытқан - қазақ ақсүйектері мен шаруалары отаршылдық билікке қарсы бағытталған ұлт-азаттық көтеріліске шықты. Көтерілісшілердің негізгі мақсаты - хандық билікті қалпына келтіру, жерді тартып алуды тоқтату, округтерді жою болды