1865 жылы Осман империясында "Танзимат" реформасының әсерімен елді демократиялық жүйеге бағыттайтын орта тап өкілдері мен шенеуніктерден құралған "Жаңа османдар" жасырын ұйымы құрылды. Бұл кезде бүкіл әлемде "Жаңа" және "Жас" тіркестері сәнде болды. "Жаңа османдар" атауына ие болған - саудагерлердің, кәсіпкерлердің, әскерилердің мүддесін қорғайтын либералдық жасырын түрік ұйымы - Осман империясын абсолюттік монархиядан - конституциялық монархияға ауыстыруды көздеді. Бірақ бұл ұйым ресми билікке қарсы болып, ешбір жерде тіркелмегендіктен аса құпия жасырын әрекет етті. Ұйымның негізін - жазушы Намык Кемал қалады. Ұйымның қатарында журналист Ибрахим Шинаси (жеке меншік түрік газетін шығарушы), саясаткер Зия паша (Осман империясының Конституциясының авторларының бірі), Осман империясының премьер-министрі Хұсайын Авни паша да болды. Намык Кемал 1867 жылы саяси қысымнан кейін шетелге кетуге мәжбүр болды. Зия паша мен Хұсайын Авни паша елде қалып - сұлтан Абдул Азизді тақтан тайдыруға қатысы
Осман империясындағы - "жаңа османдар" атты жасырын қозғалыс ұйымы
19 ноября 202319 ноя 2023
14
1 мин