532 жылы Византияда І Юстиниан императордың билігіне қарсы көтеріліс болды. Көтеріліс тарихта Ника (жеңіс) атауымен енді. Жалпы Ника есімі Византияда негізгі халық саналатын гректердің ежелгі құдайының есімі. Византия мемлекетінің Рим империясынан қалған дәстүрі бойынша ипподромдарда жарыс өткізетін. Жарысқа әртүрлі топтағылар өз ойыншыларына жанкүйерлік қолдау білдіру үшін жеңіс, жең, жеңу (Ника) деп ұрандайтын. Жанкүйерлер өз әртүрлі топтан, таптан, саяси күштерден құралатын. Тіпті өз ойыншыларына ақша тігетін. Ойын әртүрлі топтағы адамдардың мүддесінің тоғысуымен өте қызықты өтетін. Сурет ғаламтордан алынды Император І Юстинианның билік еткен кезеңі - Византияда өте бір күрделі кезеңдердің бірі болды. 532 жылы Константинополь қаласының орталық ипподромына жиналған көрермендер Ника ұранымен император ойыншыларына қарсы ұрандата бастады. Біртіндеп наразылықтар агрессивті бола бастады. Наразылықтар императордың салықтардың өсіруіне, шіркеу өзгерістеріне қарсылықтардан басталып - І Юст