Анклав дегеніміз - бір мемлекеттік әкімшілік-аумақтық шекарасынан тыс орналасқан, оқшауланған - өзге мемлекеттердің шекаралық әкімшілік-аумағымен қоршалған бөлігі. Уикипедия сайтында анклав ұғымына былай түсінік берілген -Анклав (фр. enclave; лат. inclavatus — «құлыптау») — барлық жағынан басқа мемлекеттің немесе мемлекеттердің аумағының қоршауында қалған мемлекет территориясының бір бөлігі. Мысалы, Сан-Марино мемлекетін Италия, Лесотоны Оңтүcтік Африка Республикасы, сондай-ақ Өзбекстанның Шахимардан және Сох қалаларын Қырғыз жері қоршап жатыр. Егер анклавтың теңізге шығар жолы болса, онда ол жартылай анклав деп аталады. Яғни, анклав дегеніміз - бір мемлекеттік өзінің әкімшілік аумағынан тысқары орналасқан өзге мемлекеттік әкімшілік аумағымен қоршалған әкімшілік аймағы. Осындай аумақтар Қырғызстан Республикасында бірнеше. Олар Сох, Ворух, Шахимардан, Чон-гара аймақтары. Ворух аймағы - Тәжікстанға тиесілі Сох, Шахимардан, Чон-гара аймақтары - Өзбекстанға тиесілі. Сох, Ворух, Шахимардан
Қырғызстан аумағындағы өзге мемлекеттердің анклавтық аймақтары
4 ноября 20234 ноя 2023
6
1 мин