Найти в Дзене

Украина Республикасының мемлекттік туы

Қазіргі Украина Республикасының мемлекеттік туына 105 жыл болды. Пост кеңестік Армения, Әзірбайжан, Грузия мемлекеттері секілді 1917 жылы Ресей империясы ыдыраған тұста өздерінің Тәуелсіздігін жариялап Республикалық басқару тәртібін енгізген болатын. Бұл кезең аталмыш мемлекеттер тарихында 1 Республика кезеңі деп аталады. Өкінішке орай кеңес орнауымен олардың Тәуелсіздігі ұзаққа бармады. 1917 жылы 20 қарашада украиндықтар Ресейде Кеңес өкіметінің орнауын мойындамай өз Тәуелсіздігін жариялаған болатын. 1918 жылы Украина мемлекетінің туы белгіленді. Азамат соғысы уақытында Украина мемлекетінің үкіметі жиі ауысып, билік атауы өзгеріп жатса да туда көк және сары түстер өзгермеді. Тек әр үкімет туға өзінің ерекшелігін қосумен болды.

Көк түс - Украина аспанын, сары - егістік даланы суреттейді.

-2

Украин Халық Республикасының мемлекеттік туы

-3

Украина Кеңестерінің Халық Республикасының мемлекеттік туы

Суреттер ғаламтордан алынды