Көркем шығарманың көкжиегі деген сөздің жаны бар сияқты. Кей шығармалар жазылады, алайда көп өтпей уақыт сынынан, заман талабынан, оқырманның назарынан өтпей қалады. Ал кейбір туындылардың жылдар өткен сайын салмағы арта түседі. Мәңгілік шығармалар дегеніміз әне солар. 1000 жыл бұрын жазылған ХІ ғасырдағы Жапонияның эпикалық хикаясы «Гендзи туралы хикаяны» Мурасаки Шикибу есімді әйел қаламгер жазыпты. Ол ақындықпен қатар Жапон елінің Хейан дәуіріндегі император сарайында қызмет еткен. Аталған хикаяттан сырт ол «Мурасаки ханымның күнделігі» және 128 өлеңнен құралған «Поэтикалық естеліктер» деп аталған жинақтың авторы. Оның шығармалары жапон тілінің ауыз екі тілден жазба тілге ауысқан кезеңінде жапон жазуының жасалуы мен дамуында маңызды рөл атқарған. Біз сөз етіп отырған әлемдегі ең алғашқы роман 1100 бет, 54 тараудан тұрады. Автор бұл шығармасын тапжылмай он жыл жазыпты. Зерттеушілер бұл еңбектің алғашқы тарауларын қаламгер некеде тұрғанда немесе күйеуі қайтыс болғаннан кей