Найти в Дзене

Эстония Республикасының мемлекеттік туы

Қазіргі Эстония Республикасының мемлекеттік туы - мемлекеттік нышаны, Республика ретінде 1918 жылы қабылданған. Бірақ Эстония Республикасының үш жолақты туының пайда болу тарихы ХІХ ғасырдың 80 жылдарынан бастау алады. 1881 жылы студенттердің нышаны болса, 1882 жылы К. А. Херманна Паулы, Мийны Херманн (Хярма), Эмилии Беэрманн эстон халқының ұлттық нышанын ойлап тапты. Осы аталған авторлардың туындысы 1918 жылы уақытша мемлекеттік ту болып бекітілсе, 1922 жылы Эстония Республикасының мемлекеттік туы болып қабылданды

1. Көк түс - Эстония аспанын, көлдерін және ұлттық идеяға беріктілікті білдіреді

2. Қара түс - Эстон жерінің топырағын, ұлттық киімін, эстон халқының азапты күндерін білдіреді

3. Ақ түс - Эстонияның қысқа қарлы алқаптарын, адамилық бақытты, еркіндік пен жақсы өмірге ұмтылысты білдіреді

1918-1944 жж. Бірінші Республикасы кезінде және 1989 жылдан бері Екінші Республиканың мемлекеттік туы