1979 жылы Ирандағы ислам революциясы нәтижесінде орнаған теократиялық билік үшін Таяу Шығыстағы қандайда бір орын алатын оқиғадан тысқары қалмайтындығы анық. Әсіресе Иерусалим қаласы мәртебесі мен исламдінінің шиіттік бағытын ұстайтын халықтар үшін Тегеранның қолдауы айырықша. Ливандағы "Хезболлах", Сириядағы ресми президенті Асадқа өкіметіне, Ирактағы шиіттік партияларға әсіресе имам Муктадар Ас-Садр партиясына, Йемендегі "Ансаруллах" партиясына әскери және қаржылай демеушісі Тегеран. Палестина мәселесіне келгенде арабтардың Тәуелсіз мемлекетін құруын жақтайды. Бірқатар Палестиналық ұйымдарға қолдау көрсетеді. Израиль мемлекетін ресми мойындамаған. Бірақ арагідік Иран мен Израиль байланыстары көрініс беріп тұрады. Оған 1979-1989 жж. Иран-Ирак соғысы мысал бола алады. Араб елдеріне қарағанда Иранда еврейлер қауымдастығы әлі бар. Ирандық еврейлер үшін өз дінін ұстануға ешқандай кедергі жоқ. Тіпті Еуропалық еврей дінінің өкілдері Иранға сапар шегіп жатады. Бұған қарамастан БҰҰ мінберіндегі екі елдің басшылары бір-бірін айыптап, мемлекетін жоққа шығарып, өкіметтік режімдерін құлатуға шақырып жататындығы тоқтамайды. Израильде Ислам дінінің шиіттік бағытынан өрбіген бахайи дініне кең қолдау көрсетілген. Израиль мен Ирандық баспасөздерде бір-біріне деген өшпенділік - достық тақырыбымен алмасқан емес.
Израиль үшін көршілеріне қарсы күш көрсетуі ылғида Иран қалаларында билік тарапынан жоспарлаған миллиондаған шерулерге ұласады. Бәлкім, бұл Ирандағы билік үшін халықты өзіне бағыныңқы ұстаудың құралы болар. Оны нақты айта алмаймыз. Бірақ Израиль мен Иран бір-бірінің аумағында диверсиялық әрекеттер жасап отырады.
7 қазан күні басталған Палестиналық Газа аймағы Израиль арасындағы "әл-Акса тасқыны" мен "Темір семсерлер" аталған әскери операцияларға Иран тарапы Мешхед қаласындағы имам Реза мешітінде қара туды көтеріп жауап берді. Мешхед қаласындағы имам Реза мешітінде қара тудың көтерілуі бірнеше мағына береді. Соның бірі соғыс. Бірақ Қазақстандағы Иран Ислам Республикасының өкілетті елшісі Али Акбар Джаукар Мешхед қаласындағы қара тудың көтерілуі Израиль тарапының Газа аймағындағы аурухананы бомбылауына байланысты аза тұту деп түсіндірді.
Жалпы, Израиль мен Иран шектеспейді. Палестиналық Газа мен Израиль арасындағы жанжал Иранға экономикалық тұрғыда әсер ете қоймайды. Иран араб мемлекеті емес парсы мемлекеті. Бірақ Таяу Шығыстағы ірі саяси ойыншылардың бірі. Палестина мен Израиль арасындағы жанжал Иранға саяси жағынан әсер етпей қоймайды. Иранның Ливандық "Хезболлах", Палестиналық "Хамас" ұйымдарына қолдау көрсетуі Израиль тарапының қарсылық реакциясын тудыратындығы анық. Иранның Ливандағы, Сириядағы саяси мүддесі араб әлемі мен американдық либералдық қозғалыстар ортасында арасында өзін еркін сезіну. Яғни, Иран Таяу Шығыстағы өз одақтастарына көмектесуден бастартпайды. Бұл Иран үшін қауіпсіздіктің белгісі.
Сурет ғаламтордан алынды