Өзбекстан Республикасының мемлекеттік туы - поткеңестік Орта Азия мемлекеттері ішінде бірінші болып қабылданған ту. Өзбекстан Республикасының мемлекеттік туы 1991 жылы 18 қарашада қабылданған. Көлденең бөліктен үш түстен тұрады Көк түс - Республика аспанын, ақ түс - адамдардың пейілін, жасыл түс - жерді білдіреді. Ай - Өзбекстан халқының дәстүрін, 12 жұлдыз - әкімшілік бөлікті, қызыл сызықтар - тіршілікті білдіреді. Жалпы Өзбекстан Республикасының мемлекеттік туын діни түрде талдайтындар - жасыл түстен Ислам өркениетін, көк түстен Тимуридтер дәуіріндегі діни құрылыстар көреді. Өзбекстан Республикасының мемлекеттік туынан - нышандық бейнелер іздейтін адамдар - 12 жұлдыздан - 12 айды, 12 шоқ жұлдызды көреді. Ай мен жұлдыз - Өзбекстан аумағында өмір сүрген мемлекеттердің туында кездескен. Қоқан хандығының мемлекеттік туы Бұхар әмірлігінің туы
Өзбекстан Республикасының мемлекеттік туы
30 октября 202330 окт 2023
40
~1 мин