Найти в Дзене

Не себепті Македония мемлекеті өз атауын ауыстыруға мәжбүр болды

Жалпы Македония атауымен аталатын Балқан түбегінде бірнеше аймақтар бар. Грекия Республикасында Македония атауы үш әкімшілік аумақ бар. Козания қаласы әкімшілік орталық саналатын Батыс Македония перифериясы (облысы), Салоники қаласы әкімшілік орталық саналатын Орталық Македония перифериясы (облысы) және Комотини қаласы әкімшілік орталық саналатын Шығыс Македония және Фракия перифериясы (облысы). Грек саясаткерлері, зиялы қауым өкілдері ежелгі замандағы Македония патшалығы Грекияның Македония аймағында құрылды деп Александр Македонский грек-эллиндік мәдениеттің дамытушысы, насихаттаушысы деп қабылдайды. Осы грек саясаткерлерінің арасында көршілес Македония мемлекетінің атауын тарихи қателік деп айтып қалатындарда бар. Саясаткерлердің ықпалымен гректердің біраз бөлігі көршілес елдің Македония аталуын қате Вардария деп атағанымыз дұрыс дейді. Олар Македондықтар деген ұлт жоқ олар сербтердің не болгарлардың бір бөлігі деп атайды. Болгарлардың біразы македондықтар Болгар тілінің Македон диалектісіне сөйлейді дегеніне байланысты. Бірақ гректердің, сербтердің, болгарлардың уәжімен македондықтар келіспейді. Македондықтар өздерін славян тілді емес роман тілді халық санайды. Өздерінің мекендеп отырған жерін ежелгі замандағы Македония патшалығының тарихи жері деп қабылдайді. Грекия көпке дейін Македония мемлекетін Югославиялық Македония, бұрыңғы Югославиялық Македония деп атап келді, Македония үкіметіне мемлекетін ауыстыруға тікелей талаптар қойды. Тіпті гректер осы мәселеде Македонияның Еуропа одағына кіруіне қарсылық білдірді. Македония үкіметі Грекияның мемлекет атауын Вардария деп өзгерту талабына келіспей, екі жақ ұзақ келіссөздерден кейін Солтүстік Македония деген атауға әзер дегенде келісті.

Грекия қысымымен Македония 1992 жылы өзі қабылдаған туды өзгертуге мәжбүр болған. Бұған себеп, 1992 жылғы Македония Республикасының мемлекеттік туындағы нышан Грекиялық Македонияда табылған ежелгі Македон патшалығымен ұқсас келгендігі. Екі мемлекет арасында ежелгі Македон патшалығының мұрагерлік жағынан айтыстар тоқтамады. Қазірде бір-бірін Македония патшалығын мұрагері ретінде қабылдауға келген келіспеушіліктер бар.

Қазіргі Солтүстік Македония Республикасының мемлекеттік туы. 1995 жылы қабылданған. Сурет ғаламтордан алынды.

Бірақ Александр Македонскийге гректер мен македондықтардан басқа да таласушылар баршылық. Гректер, македондықтар, болгарлар өздерінікі санайды. Гректер Александр Македонский Грекиялық Македонияда туды десе Солтүстік Македондықтар өз жерінде туды дейді. Болгарлар Александр Македонский болгар тілінің Македондық диалектісінде сөйлейтін халықтар арасында туды және Македония патшалығының астанасын Пелла аймағында болгарлар тұрды дейді. Гректер мен македондықтар болгар ұлты тек ортағасырда қалыптасты, болгарлардың Александр Македонский еш қатысы жоқ дейді. Бұған қарсы болгарлар - Болгар патшалығы Гректік, македондық Македония жерлерін алып жатқанын айтады. Солтүстік Македондықтар мен болгарлар - ежелгі Гректер мен Македондықтар екі түрлі халық дейді