XV-XVI ғасырлар Шығыс Азияда Қытайда - Токугава, Жапонияда - Юнлэ сынды өз заманындағы өзге мемлекеттердің билеушілерінен қарағанда анағұрлым жоғарғы азаматтық - әскери билікке ие болған билеушілер болды. Бірақ олар
өзара бір-бірінен билікті жүргізу және иемдену жағынан әжептеуір ерекшеленді. Сегун Токугава - жоғарғы билікті әскери күшін көрсетіп, өз қарсыластарын соғыста жеңіп өз билігін орнықтырып алды. Ал император Юнлэ билікті мұрагерлік жағынан алды. Жапониядағы сегундар жүйесі - ХІІ ғасырда әскериленген феодалдық топтардың өз билігін орнықтыруға жасаған қадамдарынан орныққан әскери мұрагерлік түрде берілетін билік жүйесі. Сегунаттық жүйенің кемшілігі - сегун (әскери қолбасшы) өзінің билік ету құқығын жапон халқының ұлттық діні синтоизммен негіздей алмады. Синтоистік түсінік бойынша жоғарғы билік иесі микадо (император) - Күннің баласы ғана бола алады. ХІІ ғасырда билік үшін тартыс кезінде сегундар - император әулетін оқшаулап, азаматтық биліктен айырып, Киото қаласының әулетт