Найти тему
Nurtore TV

Қазақстанда екі адам жалған АҚШ долларларын сатқан

Қазақстан қаржы мониторингінің мәліметінше Алматы облысында екі күдікті жалған АҚШ долларларын сатумен айналысқан. 100 долларлық купюраларды 15 мың теңгеден сатқаны анықталды.

Күдіктілерді тінту кезінде 6,5 мың жалған доллар табылды. Оларға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. ҚМА жалған банкноттарды тауып алсаңыз мекен жайыңыз бойынша экономикалық тергеу Департаментіне келуіңізді сұрайды.