Найти тему
Nurtore TV

TikTok-тың бастығы қазақстандық мұғалімге риза болды

Астанада өткен “Digital Bridge 2023” форумында ТикТок желісінің Бас директоры Шоу Цзы Чу химиядан сабақ беретін мұғалім Ұлан Үсеновті мақтады. 

“Кеше ғана Ұлан Үсеновпен кездестім. Оның өмірімен жақынырақ таныстым. Химия сабағын балаларға оқытудағы әдісіне таңғалдым. Ұлан Тиктоктың білім беру жүйесіне зор көмегін тигізетінін дәлелдеді. Біз бұған қуаныштымыз”,- деп айтты Тиктоктың бастығы.

Ұлан Үсенов – отанымызда оқушыларға қызықты видеолар арқылы химияны үйрететін мұғалім-блогер. Бұл шынымен де мақтан тұтатын жайт. Көпшілікке іш пыстырарлықтай көрінетін химия пәнін видеоларында Ұлан жасөспірімге қызықты етіп көрсетеді.