Найти тему
Nurtore TV

Израиль мен ХАМАС арасындағы соғыс. Басты жаңалықтар

Израиль мен ХАМАС арасындағы соғыс. Басты жаңалықтар

- Израильде ХАМАС лаңкестерінің шабуылынан 1300 адам қаза тауып, 3300-і зардап шекті. Газа секторындағы палестиналық биліктің мәліметінше, Израиль қарулы күштерінің кесірінен 1417 адам қаза тауып, 6000 адам зардап шекті.

- Мысыр президенті Абдул Фаттах ас-Сиси Газа секторының тұрғындарына “шыдамдылық танытып, өз жерлерінде қалуы керек” екенін айтты.

- Израиль денсаулық министрлігі жарақат алғандарға көмек беріп үлгере алмай жатқан жағдайда  медициналық білімі бар азаматтарды еріктілер қатарына жазылуға шақыратынын хабарлады.

- ХАМАС израильдік-палестиналық қақтығыс басталғаннан соң барша әлем мұсылмандарына 13 қазан күні палестиналықтарды қолдау науқандарын өткізуге шақырды.

- Франция президенті Эммануель Макрон Израильді қолдап, мемлекеттің өзін-өзі қорғауға құқылы екенін айтты.

- Бүгін Израильге Канада, Германия, Италия сыртқы істер министрлері және Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Ляйен келеді, деп хабарлайды “Гаарец”
Израиль мен ХАМАС арасындағы соғыс. Басты жаңалықтар - Израильде ХАМАС лаңкестерінің шабуылынан 1300 адам қаза тауып, 3300-і зардап шекті. Газа секторындағы палестиналық биліктің мәліметінше, Израиль қарулы күштерінің кесірінен 1417 адам қаза тауып, 6000 адам зардап шекті. - Мысыр президенті Абдул Фаттах ас-Сиси Газа секторының тұрғындарына “шыдамдылық танытып, өз жерлерінде қалуы керек” екенін айтты. - Израиль денсаулық министрлігі жарақат алғандарға көмек беріп үлгере алмай жатқан жағдайда медициналық білімі бар азаматтарды еріктілер қатарына жазылуға шақыратынын хабарлады. - ХАМАС израильдік-палестиналық қақтығыс басталғаннан соң барша әлем мұсылмандарына 13 қазан күні палестиналықтарды қолдау науқандарын өткізуге шақырды. - Франция президенті Эммануель Макрон Израильді қолдап, мемлекеттің өзін-өзі қорғауға құқылы екенін айтты. - Бүгін Израильге Канада, Германия, Италия сыртқы істер министрлері және Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Ляйен келеді, деп хабарлайды “Гаарец”