Еліміздің оңтүстік астанасы өзінің әсемдігімен қала тұрғындары мен қонақтарын баурап келеді. Алматылықтар мақтан тұтатын 5 орынды атап өтейік. 1. Көктөбе. Әлемдегі ең жоғарыда орналасқан Көктөбе мұнарасы Алматының символы іспеттес. Париждегі Эйфель мұнарасы секілді Көктөбені де қаланың әр нүктесінен көруге болады. Ал, теле мұнараның тұсында орналасқан саябақта отбасыңызбен серуендеп, алып шолу шеңберінен әсем қаланың панорамасын бақылай аласыз.