Саудиялық “Аль Наср” футбол командасының португалдық спортшысы Криштиану Роналду Иранға оралса 99 дүре қамшы соғылмақ.
Ирандық жанкүйерлерімен кездесу кезінде Роналду Фатима есімді мүгедек суретші қызға футболка сыйлаған. Суретші қыз спортшының үлкен жанкүйері болып табылады. Фатиманы құшақтап, сүйген Роналду шариғатты бұзғаны үшін жазаға тартылмақ.
1979 жылы қабылданған конституция бойынша Иран — ислам республикасы. Иран қазіргі уақытта әлемдегі санаулы теократты елдердің бірі болып табылады. Мемлекет заңнамасы шариғатқа негізделген.