Қуат Найман лақап атымен танымал MMA жауынгері Қуат Хамитов болашақ жарына қоятын ең басты талабын айтты. Ол өмірлік жарының пәк болғанын қалайды.
“Пәк қыз кезікпегендіктен 10 жыл үйлене алмай жүрмін. Түрі әдемі, бәрі дұрыс бірақ қыз емес. Қыз болмағандықтан ол маған не үшін керек?!
Қаңғыбас қыздарды білемін, алқаш қыздарды білемін. Интернетте Ислам туралы, білім туралы стористар салған кезде “мынадан жақсы адам жоқ қой” деп ойлайсың. Бірақ, өмірде алқаш кәдімгі. Қазіргі қыздар қатты жасырынады. Қасқыр ғой бәрі”- дейді Қуат Найман.
Және де жауынгер ерлер қауымына үндеу жасады:
“Бәріміздің қарындасымыз, әпкелеріміз бар. Біреудің қарындасы да, әпкесі де бізге қарындас-әпке болуы керек. Өзіміз оңбаған болсақ та, біреуге жақсылық тілеуіміз қажет”,- деді Қуат Хамитов.