Найти тему
Nurtore TV

Индира Еділбаева қуанышымен бөлісті

Қазақстандық актриса, әнші Индира Еділбаева өз парақшасында қуанышымен бөлісті. Видеодан аппақ қалыңдық көйлегін киген өнер иесі жұбайымен бірге үйлену тойларын дүркіретіп өткізгендерін көруге болады. 

Пікірлер астына Индираның тыңдармандары мен жұлдызды әріптестерінің жас жұбайларға ыстық тілектерін қалдырып, үлкен қуаныштарымен құттықтағандарын оқуға болады. Сәуір айында Балиде өмірлік серігіне “иә” деп жауап берген Индира Еділбаеваның махаббат оқиғасы бүгін де тойға ұласып отыр.