Алматыда қайыршыларға рейд жүргізілді. Рейд барысында бір аптада қоғамдық орындарда қайыр сұрап, басқалардың мазасын алған 16 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
“Қайыршылар жиі жол ортасында жүреді, осылайша жол қозғалысына қатысушыларға нақты қауіп төндіреді,”– деді патрульдік полиция полкінің командирі Орал Ахимов
Көшедегі қайыршылардың көбеюінің басты себебі - оңай ақша көзі. Кейде сау адамдар мүсәпірдің кейпін салып, садақа сұрауы мүмкін. Сондықтан да шын мұқтаж адамдарға көмектескіңіз келсе, садақаңызды арнайы ұйымдарға салғаныңыз жөн. Қайыр сұрап мазаңызды алған жағдайлар болды ма?