Алматы облысында қоғам сақшылары синтекикалық заттар өндіретін ірі есірткі зертханасын жойған видео Желіде таралды.
Ірі зертхананың Еңбекшіқазақ ауданындағы Бөлек ауылдық округінде орналасқаны белгілі болды. Арнайы операция кезінде 1974 және 1980 жылы туған екі азамат ұсталғаны хабарланды.
Тінту кезінде прекурстармен 18 канистр, есірткі дайындауға арналған беймәлім химиялық сұйықтықтар бар бөшкелер тәркіленді. Моншадан мефедрон болуы мүмкін екі келіден артық синтетикалық зат табылды.
Қазіргі уақытта қажетті сараптамаларды тағайындаумен тергеу әрекеттері жүргізілуде. Күдіктілер кінәларын мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды.