ҚР қауіпсіздік комитеті полиция органдарымен бірлесіп, Бас прокуратураның үйлестіруімен бір мезгілде Жетісу, Жамбыл және Түркістан облыстарында арнайы операция жүргізді.
Нәтижесінде қару мен есірткіні заңсыз сақтау, бопсалау, заңсыз миграция арналарын ұйымдастыру және өзге де ауыр қылмыстарға қатысы бар күдікті топтардың 72 мүшесі ұсталды.
Топтар өз әрекеттерін Қытаймен, Өзбекстанмен және Қырғызстанмен шекаралас учаскелерде жүзеге асырған.
Тінту барысында оқ-дәрілерімен атыс қарулары, ірі ақша қаражаттары, есірткі, сондай-ақ өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді.
Тергеу іс-шаралары жүргізілуде.