Силиконды бикеш Мадлен Алматыдан Араб әмірлігіндегі Дубайға көшіп кетті. Instagram жұлдызы БАӘ-ге жұмысқа шақырылғанын айтты. Жұмыс берушілер Мадленнің өмір сүру салты мен түр әлпетіне қарағанда оған қомақты ақша төлейтін көрінеді
Блогер Бурдж Халифа зәулім ғимаратының жанынан пәтер сатып алды. Өздеріңіз білетіндей, ол жақтағы бағалар өте қымбат.
Мадина демалыс күндері Катарға баруды шешті. Бұрынғы алматылық қыз Формула-1 чемпионатына билетті 2 300 000 теңгеге сатып алған.
25 жастағы бойжеткен өзіне ақша аямайтындықтан шетелге жиі шығуға тырысатынын жеткізді. Жарыстардан кейін Мадлен ханым өзінің жұмбақ кәсіби қызметін жалғастыру үшін Дубайға оралады.