Қазақстандағы ең жас дизайнер
Інжу Мұратбекова - Қазақстанның ең жас дизайнері, өзінің 5 жасында негізін құрған киім бренді бар. Оның жасы небәрі алтыда бола тұра Қазақстанды халықаралық сән қойылымдарында танытып жүр.
Жасына қарамастан Інжу өзінің киім топтамаларының дизайнын жасап, оны әлемдік подиумдарда көрсетеді. Інжудің төл топтамалары Әзербайжанда, Милан қаласында, Eurasian Fashion Week, Aspara Fashion Week сән апталықтарында көрсетілді.
Бүлдіршін өзінің ауыр графигіне қарамастан сабақ оқиды,шахматқа қатысады, жүзуге және сурет салуға да үлгеріп жүр.