1926 жылғы Солтүстіктегі милитаристік күштерді талқандауға бағытталған жорық Қытай Республикасына 5 жылдық саяси-экономикалық тұрақтылық әкелді. Шетелдік мемлекеттермен жасалған тең емес концессиялар жойылып, империалистік мемлекеттер бақылауындағы аумақтық режімдер таратылды. Шетелдік мемлекеттермен бірлескен кәсіпорындар салына бастады. Кәсіподақтарға еркінділік беріліп, ереуілге шығу заңдастырылды, "Еңбек пен капитал арасындағы жанжалдарды реттеу жөніндегі" заң төменгі жалақысын мөлшерін белгіледі, жерді жалға алу арендасы төмендетілді. Қытай ішкі жағдайды тұрақтандырып, халықаралық қауымдастықта өз орнын алғандай болды.
Бірақ, ауылдағы аграрлық мәселе шешімін таппады. Үкіметтің аграрлық мәселені шешу әрекетіне феодалдық топтар қарсылығына тап болды. Феодалдық топтар өздері иелік еткен жерлерді шаруалармен бөліскісі келмеді. Феодалдардың кесірінен шаруалар үкімет тарапынан берілетін жерді ала алмады. Бұл жағдайды Коммунистік партия пайдаланып қалуға тырысты. Қаладағы ықпалынан айырылған Коммунистік партия ұйымдары қаладан - ауылға қарай ауыса бастады.
1931 жылы Қытай Республикасының Конституциясы қабылданды. Бұл елде Гоминьдан партиясының беделін көтерді.
1927-1937 жж. азамат соғысының І кезеңінде жеңіліс тапқан коммунистік сролтүстік аграрлық аудандарға бекініп, Гоминьдан беделін төмендету үшін аграрлық мәселені өз ыңғайына қарай шеше бастады. 8 сағаттық жұмыс күні енгізіліп, ерлер мен әйелдердің құқығы теңестірілді.
Қалалардағы азық-түлік мәселесі Коммунистік партия бақылаған аумақтарға тәуелді болады. Әсіресе, Пекин секілді ірі қалалар.
1931 жылы коммунистік партия бақылаған аумақтарда Қытай кеңестік жұмысшы-шаруа үкіметі құрылды. Бұл үкіметке КСРО астыртын қолдау білдіріп отырды. Коммунистік партия бақылаған аймақтарда ресми Гоминьдандық Қытай Республикасына бағынбайтын әскер құрыла бастады. Гоминьдан үкіметі елдің бірлігін сақтау үшін солтүстік-батыс аумақтарға екінші жорығын бастады. Коммунистік партия жергілікті халықты Гоминьдан билігіне қарсы қоюға тырысты.
Гоминьдан мен Коммунистік партия арасындағы қарулы қақтығыстарды пайдаланған Солтүстік-Шығыстағы маньчжуриялық монархистер Жапонияның қолдауына сүйенуге тырысты. 1931 жылы Жапония соғыс жарияламастан Қытайдың солтүстік-шығысын басып алды. Жапония бақылаған аймақта "қуыршақ" Маньчжоу-Го мемлекеті құрылды.
Осылайша, 1931 жылы Қытайда үш өкімет құрылды.
1. Нанкиндегі ресми Гоминьдандық Қытай Республикасы үкіметі,
2. Жуйцзиндегі - Қытай Коммунистік Партиясымен жарияланған Қытай кеңестік үкіметі,
3. Мукдендегі - Маньчжурия мемлекеті, яғни, жапондық отаршылдық үкімет.
Гоминьдандықтар мен Коммунистер Маньчжурия мемлекетін мойындамай, Жапонияның басып алған аймағы деп санаса, Маньчжурлар өздерін тәуелсіз мемлекет деп ойлады. Ал Жапония болса Маньчжурияны өзінің аумағы деп қабылдады(халықаралық қауымдастықта осылай қабылдады).
Қытайдың ішкі ісіне белсенді түрде араласа бастаған КСРО мен Жапония мемлекеттері жағдайды одан сайын ушықтырумен болды. Осы жағдайдан Қытай мемлекетін алып шығу үшін Гоминьдан үкіметі басқа елдермен одақ құруға тырысты. Халықаралық жағдайда КСРО-ға қарсы тұрған Ұлыбритания мен АҚШ Гоминьдан үкіметінің тікелей қолдаушысына айналды.
Қытайдағы ішкі жағдайды пайдаланған Шыңжан халықтары 1933 жылы Қытай Республикасынан бөлектенудің сәтсіз әрекетін жасап көрді. Бірақ көмек қолын соза алатын одақтас таба алмады.
Біртіндеп, Гоминьдан үкіметі әлсірей бастады. Бұған 1931 жылғы оқиғалар тікелей себепкер болды.
Суреттер ғаламтордан алынды