Найти тему

"Жас ауғандықтар" қозғалысының сәтсіздігі

ХХ ғасырдың бас кезінде Еуразия құрлығының Азия бөлігі елдерінде ел дамуын алдыға жылжыту тырысқан зиялы қауым өкілдерінен, буржуазия топтарынан тұрған өз атауына "Жас" атауын тіркестірген қозғалыстар пайда болған болатын. "Жас түріктер", "Жас хиуалықтар", "Жас бұқарлықтар", "Жас ауғандықтар" және т.б. Әрине "жас" қозғалысы Азиядан шықты дей алмаймыз. Себебі, дәл осындай қозғалыстар ХІХ ғасырдың бірінші жартысында Еуропада болған. Өз дамуын экономикалық және саяси жағдайлардың әсерімен кешеуілдеткен Азия елдерінің зиялы қауымы үшін Еуропадағы саяси өзгерістер үлгі болып көрінді. ХІХ ғасырдың екінші Осман империясында "Жаңа османдықтар" ұйымының құрылуымен Азия елдерінің тәжірибесіне Еуропалық елдердің саяси идеологиясы кеңінен кіре бастады. Тіпті, Осман империясын Еуропа мемлекеттер үлгісінде Конституциялық монархиялық басқару жүйесіндегі заң шығарушы орган парламент тұрақты түрде жұмыс жасайтын елге айналдыру қадамы жасалды. "Жаңа османдықтардың" идеологиясынан тәрбие алған түрік халқының жастары, әскерилері, буржуазия өкілдері "Жас түріктер" атауымен революция ұйымдастырған болатын. "Жас түріктер" қозғалысы аяқсыз қалдырған реформаларды Кемалистік Түркия үкіметі аяқтаған болатын. Осы өзгерістер бастан кешкен Түркия көршілес елдерге үлгі болды. Түркияның жасаған өзгерістерін Иран және Ауғанстан мемлекеттері жасауға тырысты. Ирандағы өзгерістер Осман империясынан Конституциялық монархия, парламент, баспасөз еркіндігі ұғымын алуға тырысты. Ал Ауғанстан үшін Кемалистік Түркия өзгерістері жақын болды. Бірақ Ауғанстанда бұл өзгерістер "Жас ауғандықтар" ықпалында болған Аманулла ханның атымен енді. Біздің осы мақаламыз Ауғанстандағы "Жас ауғандықтар" қозғалысына арналады.

1919 жылы керітартпа "ескі ауғандықтарды" жеңіп, ағылшындардан Тәуелсіздігін алған Ауғанстан мемлекетіне билікке Аманулла хан келеді. Елді феодалдық тәртіптен буржуазиялық капиталистік кезеңге алып шығуға тырысқан Аманулла хан үшін Түркиядағы өзгерістер өте жақын болып көрінді. Аманулла хан бұл жолда "жас ауғандықтар" қозғалысы өкілдері қолдауға тырысты. Бірақ "жас ауғандықтар" қозғалысын Осман империясындағы "Жас түріктерден" айырмашылығы саяси партия қолдауымен пайда болған қозғалыс емес пікірлері ортақ адамдардың ортақ ұстанымына құрылған қозғалыс десек болады. Осман империясында өзгерістер төменнен басталса Ауғанстанда жоғарыдан басталды. "Жас ауғандықтардың" ықпалымен Аманулла хан Ауғанстан құлдықты жойып, Конституция енгізді; баспасөзге еркіндігін жариялады; жеке бас еркіндігін жариялады (ер мен әйел); жерге жекеменшік енгізілді; ақшалай салық енгізілді; Тайпалық әскерлер таратылып - тұрақты әскер құрылды; азаматтық сот енгізілді; дін иелеріне мемлекеттік бақылау қойылды; ауған жастарын шетелге оқуға жіберіле бастады; көп әйел алуға тыйым салынды; әйел адамдарға бет әлпетін паранжамен жабуға тыйым салынды; өндіріс орындарын салуға жеңілдіктер берілді. Бұл өзгерістер феодалдық езгіні бастан кешіріп отырған Шығыс халқы үшін прогрессивті болды.

Бірақ бұл реформаларды халық бұқарасы түсініксіз қабылдады. Себебі, сауатсыз адамдар бұл реформаның мәнін түсінбеді. Керітартпа клерикалдық топтар мен феодалдық басқарудағы тайпа көсемдері бұл өзгерістерге қарсы шықты. Тіпті өз жағына халық бұқарасын шығара білдірді.

Неге бұл реформаларды халық түсінбеушілікпен қабылдады

1. Жеке бас бостандығы (еркек пен әйел) дәтүрлі құндылықты аяққа таптайды қабылдады.

2. Ақшалай салықпен төлеуге көпшілігінің қаржысы болмады.

3. Жерге жекеменшіктік құқық енгізіліп, оны еркін сатуға және сатып алуға рұқсат ету - мемлекеттің қазынасын толтыруға бағытталып, шаруаларға жер иелену құқығын бергенімен, бұл жерлерді сатып алуға шаруаларды ақшасы жетпеді, жерлердің көпшілігін помещиктер мен саудагерлер сатып алды.

4. Діни иелерінің қызметке тұруы емтиханмен жүзеге асуы, көп әйел алуға тыйым салу, әйел адамдарға бетін паранжымен бүркеуге тыйым салу - дін өкілдерінің наразылығын тудырды, діни мектепті бітіргендердің жұмысқа тұруының қиындауы - жұмыссыздардың санын арттыра бастады.

5. Өндіріс орындарының ашылуына мемлекеттік қолдауымен жүзеге асуымен жүзеге асқанымен - шетелдік кәсіпорындарды жергілікті халық қабылдай бермеді.

1928 жылы клерикалдық және феодалдардың топтардың наразылығымен көтеріліс басталып, Аманулла хан шетелге қашуға мәжбүр болды. "Жас ауғандықтар" ықпалымен басталған өзгерістер тоқтатылды. Ауғанстан халқы өз дамуын жеделдетуге бағытталған өзгерістерді құптамай, көш дамуынан кенже қалып қалды.

Неге "Жас ауғандықтар" жүргізген реформалар сәтсіздікке ұшырады? Себебі, біріншіден жоғарыдан жасалған реформаларды халыққа жеткізу үшін, қолдау табу үшін ұйым не партия болу керек. Аманулла ханның ондай тірегі болмады. Екіншіден, Ауғанстан халқы әсіре клерикалдық бағытқа жақын - сондықтан да Аманулла ханның реформаларын дінге қайшы деп тапты.

Сурет ғаламтордан алынды
Сурет ғаламтордан алынды