Бүгін 7 қазан күні Израиль мемлекеті мен Палестиналық анклав Газа аймағын бақылайтын Хамас ұйымының әскери жасағының арасында әскери қақтығыстар басталды. Әзірше сарапшылар бұл қақтығысқа не түрткі болғанын білмейді. Әркім өз топшылауларын айтуда. Біреулер Хузур елді-мекенінде атысқа кек қайтару әрекеті десе, келесі біреулер 1973 жылғы соғысты еске алуға ойластырылған әрекет деп топшылауда. Газа аймағы мен Израиль мемлекеті арасында үлкен соғыс қимылдары осыдан бес жыл бұрын болған. Жалпы Таяу Шығыста әсіресе Израиль мен Палестина аумақтары арасында соғыстары кенеттен басталып кетуі ғажайып нәрсе емес. Израиль мен көрші араб елдері 1947-1948 жж, 1956 ж, 1967 ж, 1973 ж, 1982 ж, өзара соғысып көрген. Олар үшін қарулы қақтығыс тіршілікті қамтамасыз ету секілді. Иордан өзенінің батысы мен Газа аймағын бақылауда ұстаған Израиль қарулы күштері күн сайын атысты жүргізіп отырады. Әзірше, бүгінгі жанжал қанша уақытқа созылатыны белгісіз. Соғыс қимылдары Израиль мемлекетінің Газа аймағымен шекаралас Сдерот қаласында жүріп жатыр. Екі тараптанда жараланғандар, қаза тапқандар, тұтқынға түскендер бар.
Жауласушы екі тараптың қайсысы кінәлі екендігін айту қиын. Жалпы екі тарапта кінәлі. Мәселе жылдар бойы жинақталып, тіпті халықаралық қауымдастықта шеше алмаған Таяу Шығыс жанжалына айналып отыр.
Катар мемлекеттік "Ал-жазира" ақпараттық арнасының мәлімдеуі бойынша Газа аймағының әскери құрылымдарының басшысы Мұхаммед ад-Дейфтің палестиналықтар өз мемлекетін құру үшін әрекетке көшкендігін айтқанын ескерсек - бұл жанжалға ұзаққа созылатын түрі бар. Бұл жанжалға байланысты украиналық УНИАН ақпараттық парталы израильдық қарулы күштер оңтүстіктегі бомбалаушы ұшақтарын солтүстікке көшіріп жатыр деп мәлімдеуде.