1584 жылы Ресей князьдіктерін Мәскеу төңірегіне жинау үрдісін аяқтап, Ресейдің толыққанды патшасы болған IV Иванның қайтыс болуымен билікке оның ұлы Федор келді. Бірақ билікке көп отырмаған Федор ханзада ауырып қайтыс болды. Өз кезегінде Федордың билік құрған уақытында оның інісі Дмитрий ханзада Углич қаласында өз құрдастары арасында ойнап жүріп байқаусыздықтан қайтыс болған болатын (Кейін Дмитрий ханзаданың образын бүлікшілер бірнеше мәрте өз мақсатына пайдаланатын болады). Осылайша 1598 жылы Ресей мемлекетінде басқарушы Рюрик әулеті үзіліп қалды. Таққа зем соборының шешімімен Рюриковтар әулетіне жақын адам IV Иванның күйеубаласы Борис Годунов отырғызылды. Борис Годунов Ресей патшаларына жақын болған шоқынған татар ақсүйектерінің ұрпағы болды. Борис Годуновтың шыққан тегі татар ақсүйектерінен болған соң өзінің тақты иемдену құқығын Алтын Орда хандарының ұрпағынан таратты. Ол кезде Рюрик әулеті үзіліп қалған соң өзін не Еуропалық не Византиялық не Алтын Ордалық әулеттен тарату керек болды. Борис Годунов өзін Алтын Орда хандарының әулетімен байланыстыруға тырысты. Борис Годуновтың өзінің билігін орнықтыру кезіндегі әрекеті жергілікті феодал ақсүйек - боярларға ұнай қоймады. IV Иванның сәтсіз Ливон соғысынан қалжыраған ақсүйектер жаңа патшаға қарсылық білдіре алмай, оңтайлы сәтті күтіп отырды. Бірақ патшаға ашық қарсы шықпаса да - патшаның таза орыс ұлтынан еместігін айтумен болды. Біртіндеп, ел ішінде ханзада Дмитрийдің өліміне Борис Годунов себепші болған деген әңгімелер шыға бастады. Өз кезегінде ханзада Дмитрийдің өлімін бояр Шуйский бастаған топ қараған. Бірақ бояр Василий Шуйский бастаған топ ханзада Дмитрийдің өлімін кездесек екендігін анықтап Углич қаласына жерлеген. Кейін Василий Шуйский қылмысқа байланысты көзқарасын бірнеше мәрте өзгертеді (бірде жалған Дмитрийді - шынайы Дмитрий деп мойындаса, кейін көзқарасынан бас тартады). 1605 жылы Борис Годуновтың қайтыс болуымен Ресейде "саяси дүрбелең" басталды. Билікті иемденуге тырысқан бірінен соң бірі "жалған" Дмитрийлер(І, ІІ, ІІІ) шыға бастады. Бұл "жалған" Дмитрийлерлер - ханзада Дмитрий өлген жоқ, ол Угличтен Борис Годуновтың қастандығынан құтылып кеткен деген әңгіме желісінен пайда болған болатын. Біртіндеп осы Ресейдегі саяси дүрбелеңге Еуропалық мемлекеттерде араласа бастады. Осының әсерінен Ресей мемлекетінде саяси күрестер одан сайын үдеді. Патша Борис Годуновтың ұлы Федор ханзада "жалған" Дмитрийлердің бірінің қолынан қаза тапты. Ресейдегі саяси дүрбелеңді тоқтатуға "жалған" Дмитрийлердіңде, патша болған бояр Василий Шуйскийдіңде шамасы жетпеді.
Ресейдегі саяси дүрбелеңнің басталуына - Б. Годунов әулетіне қарсы болған феодалдық топтар(Б. Годуновтың салған қалаларын қаржылық жағынан көтере алмауы) әсер етсе, күрестің одан сайын үдеюіне - көршілес елдердің әсер еткені анық. Бұл ауыр дағдарыстан Ресей мемлекеті 1613 жылы бірақ шықты.
Сурет ғаламтордан алынды