«Шахмат керуенін» жоба идеясы сауда миссиясымен қатар әлем халықтарының мәдени және спорттық дәстүрлерін тарататын Ұлы Жібек жолының тарихи керуендерінің идеологиясы негізінде туындады. Соның арқасында шахмат ойыны 11 ғасырдың аяғында Үндістаннан Еуропа мен Азияға тарады. Шахмат жарыстары Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азияда танымал болды және ойынның көптеген нұсқалары мен стратегияларына ие болды. Қазақстанның қалаларында «Шахмат керуенін» өткізу аймақтарда да шахматтың танымал болуына ықпал етіп, Қазақстан шахмат федерациясының танымалдылығын арттыруға мүмкіндік береді. Жарыс келесі мақсаттарда өткізіледі: а) шахматты насихаттау;б) салауатты өмір салтын насихаттау;в) шахматшылардың спорттық шеберлігін арттыру;г) «Шахмат керуені» жобасына қатысу үшін рейтингі 2000-ға дейінгі ең мықты шахматшыларды іріктеу. Рейтингі 2000-ға дейінгі, облыста тұратын және іріктеу турнирінде алғашқы 20 орынды иеленген қатысушылар облыста өткен Шахмат керуенінің жартылай финалында ойнады. Жарыс облыстық әкім