Найти в Дзене

Қырғызстанда мемлекеттік туды өзгерту туралы мәселе қозғалды

Біздің оңтүстік-шығыстағы көршіміз Қырғызстан Республикасының мемлекеттік туы 1992 жылы 3 наурызында қабылданған. Авторлары: Эдиль Айдарбеков, Бекбосун Жайчыбеков, Сабыр Иптаров, Жусуп Матаев, Маматбек Сыдыков. Қырғызстанда мемлекеттік туды өзгерту туралы мәселе көптен бері талқыланып келе жатыр. Sputnik Кыргызстан ақпараттық порталының хабарлауы бойынша Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың көмекшісі Чолпанбек Адыкеев мемлекеттік туды өзгерту идеясын қолдаған. Чолпанбек Абыкеев Қырғыз Республикасының туының өзгерту мәселесін 90-жылдардағы шетелдік делегация өкілінің мемлекеттік тудан күнбағысты байқаған мысалын айтқан болатын. Қырғыз Президентінің көмекшісінің айтуы бойынша мемлекеттік "тудағы сәуле - шынымен-ақ сәулеге сай болу керек". "Бұл бастаманы қолдауымыз керек. Керек болса мемлекеттік тудың түсін көкке өзгерту керек. Бірақ мемлекеттік ту "Манас" жырындағыдай көк болса. Бәлкім, халық бізді қолдай қоймас. Біз қызыл түске үйреніп қалдық деп"- мәлімдеді. Егер Қырғызстанның мемлек

Біздің оңтүстік-шығыстағы көршіміз Қырғызстан Республикасының мемлекеттік туы 1992 жылы 3 наурызында қабылданған. Авторлары: Эдиль Айдарбеков, Бекбосун Жайчыбеков, Сабыр Иптаров, Жусуп Матаев, Маматбек Сыдыков. Қырғызстанда мемлекеттік туды өзгерту туралы мәселе көптен бері талқыланып келе жатыр. Sputnik Кыргызстан ақпараттық порталының хабарлауы бойынша Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың көмекшісі Чолпанбек Адыкеев мемлекеттік туды өзгерту идеясын қолдаған. Чолпанбек Абыкеев Қырғыз Республикасының туының өзгерту мәселесін 90-жылдардағы шетелдік делегация өкілінің мемлекеттік тудан күнбағысты байқаған мысалын айтқан болатын. Қырғыз Президентінің көмекшісінің айтуы бойынша мемлекеттік "тудағы сәуле - шынымен-ақ сәулеге сай болу керек". "Бұл бастаманы қолдауымыз керек. Керек болса мемлекеттік тудың түсін көкке өзгерту керек. Бірақ мемлекеттік ту "Манас" жырындағыдай көк болса. Бәлкім, халық бізді қолдай қоймас. Біз қызыл түске үйреніп қалдық деп"- мәлімдеді.

Егер Қырғызстанның мемлекеттік туын көк түске өзгертсе - біздің елдің туына 80% ұқсап қалатын сияқты. Қырғыз Республикасының президентінің көмекшісі Чолпонбек Абыкеевтің "... Бәлкім, халық бізді қолдай қоймас"-деп осы жәйтті меңзесе керек.

Жалпы көршіміз Қырғызстанда - мемлекеттік туды өзгерту мәселесі көптен бері талқыланып келе жатыр. Тіпті Қырғызстанда революциялық толқулар толастамаған кезде мемлекеттік тудан қызыл түсті алып тастау ұсынысы айтылған болатын. Белсенді азаматтарда өз ұсыныстарын жеткізген болатын. Мемлекетік туға Алатауды, барысты еңгізу туралы. Мемлекеттік туға Алатау тауы мен барыстан басқа ұсыныстар айтылды. Қырғыз Республикасында туды өзгерту мәселесі көтерілгенде мемлекеттік тудағы қызыл түстің қалдырылуын солшыл күштер жақтаған болатын. Қырғызстанда солшыл күштердің саясатта ықпалы басым. Әзірше Қырғызстанда мемлекеттік ту түске байланысты өзгере қоймас. Қырғыздар бізге қарағанда Кеңес Одағына басқаша қарайды. ХХ ғасырдағы қырғыз мемлекетінің құрылуын кеңес үкіметімен байланыстырады. Қырғыздардың КСРО-ның тұңғыш үкімет басшысы В. И. У. Ленинге құрметі зор. Ескерткіштері әлі тұр.

Қазіргі Қырғыз Республикасының мемлекеттік туының суреті ғаламтордан алынды.
Қазіргі Қырғыз Республикасының мемлекеттік туының суреті ғаламтордан алынды.