Найти в Дзене

Не себепті түркі халықтары Жетісуға қоныс аударған Ортағасырлық қидандарды "қарақытайлар" деп атады?

907 жылы Орталық Азияда - Ляо империясын құрып (Ляо - қытайша темір деген мағына береді) Қытай, Корея елдерінің тарихына елеулі түрде әсер еткен қидандар тайпасының мемлекеті чжурчжендердің, Сун, найман-керейт мемлекеттерінің біріккен күшімен 1125 жылы талқандалған бойда, батысқа қарай бассауғалап Жетісуға қоныстанған болатын. Бұл жерде өздерінің Си Ляо (Батыс Темір 1128-1213 жж.) империясы аталған мемлекетін құрып, қидандар мемлекетін қайта қалпына келтіріп, Орталық Азия халықтары тарихында "Қарақытай" атымен енді. Орталық Азия халықтарының қидандарды Қарақытай деп атауы түске байланысты емес топонимге байланысты шықса керек. Қара - халық, Қытай - мемлекет атауынан пайда болуынан. Яғни, Қытай халқы не Қытай жақтан келген халық.

Ортағасырларда - қытай деп сино-тибет тілінде сөйлейтін ханьдық халықты емес моңғол-тунгус тілінде сөйлейтін қидандарда атаған және солай қабылдаған. Себебі, түркі тілдес халықтар моңғол, және қытай тілдерін түсінбеген. Түркі халықтары үшін - Ортағасырлық шығыстағы халықтардың барлығы жалпылама түрде Қытай халықтары болып саналды. Сол себепті қидандарды Орталық Азиялық түркі халықтары қарақытайлықтар, мемлекетін - Қарақытай мемлекеті деп атады

Сурет ғаламтордан алынды
Сурет ғаламтордан алынды