Найти тему

Еуропадағы "қара өлім" оба аурының таралуы

Жалпы Еуропада "қара өлім" аталған оба ауруының таралуы жәйлі бірнеше нұсқалар бар.

Біреулер оны 1343 жылы Алтын Орда ханы Каффа қаласын алуда генуялықтарға қарсы бактерологиялық қару (оба ауруымен өлген Алтын Орданың жауынгерлерінің денесін катапультпен лақтырды деген жорамал бар) қолданып таратты десе

Екіншілер Еуропалықтардың жуыну гигиенасын сақтамауынан таралды дейді. Бірақ дегенімен екі жорамалдардан басқа Еуропада "қара өлім" аталған оба ауруының таралуы нақтылыққа келетін үшінші жорамал бар.

Ол жорамал Еуропалықтардың үйінің құрылысына негізделген. Яғни, Ортағасырлық қалаларда Еуропалықтардың кір суды ағызатын канализацияның болмауынан туындаған тұжырым. Ортағасырлық Еуропалық қалаларда жуынған суларын және кір жуған суларын көшеге шашып отырған. Осы шашылған сулар көшеге сіңіп, лас иіс шығарған. Бұған ортағасырлық Еуропадағы дәретхананыңда көшеге бағытталғанында қосуға да болады. Ал оба ауруын қоздырушы көртышқандар лас иісті өзіне жұқтырып, осы ауруды таратқан. Түнеуге үй таппаған қаңғыбас адамдар бұрыш-бұрышта ұйықтап, тіпті өліп қалып оба ошақтарынан ауру таратуға септігін тигізген. Өз кезегінде ортағасырлық Еуропада үйлер тығыз салыңғанын ескерсек - адамдардың бір-бірімен қаншалықты тығыз байланыста болғанын білуге болады. Бұлда оба ауруының таралуына әсер етеді десек қателеспегеніміз болады. Оба ауруы бастапқыда лас иістердің әсерінен инфекция ретінде тарап, кейін асқынып толқынмен үзіліп, қайта басталып отырды. Тіпті Ортағасырлық Еуропада адамдар обаны ауыздықтай алмай, жүз жыл жапа шекті.

Әрине бұл болжаммен келіспейтіндер төртінші яғни Қытайда билік құрған моңғолдық Юань әулеті Юннань аймағында оба ошағын ауыздықтай алмай, саудагерлер Ұлы Жібек жолы арқылы Еуропаға таратты дейді.

Бұл болжаммен келіспейтіндер оба ауруының Еуропада таралуына климат әсер етті дейді. Еуропада XIV ғасырда климат өзгеріп, ауа райы суытып, қуаңшылық орын алған. Қуаңшылықтан астық тапшылығы болып, адамдар аштыққа жиі болып тұрды. Осы жәйттар топтасып келіп Еуропада обаның таралуына әсер етті десек қатеспейміз.

Бұл жорамалға келіспейтіндер алтыншы жорамалды алдыға таратады. Бұл жорамалға сәйкес Еуропаға оба ауруын жерорта теңізі қалаларымен тығыз сауда байланысын дамытқан генуялықтар сауда кемелері арқылы обамен ауырған көртышқандар арқылы жұқтырған астық таратты дейді.

Осы кезде соғыстардың жиі болып тұрғанын есепке де алған дұрыс шығар жетінші жорамал есебінде. Еуропада XIV-XV ғғ. жүзжылдық соғыс жүріп жатқан. Жауынгерлер жиі соғысқа қатысып, қару-жарағын дезинфекцияламаған болар.

Не десекте оба ауруы Еуразия құрлығының Азия бөлігінде де тарады. Бірақ неге екені белгісіз Еуропалық бөлікте оба дерті оқтын-оқтын пайда болып, толқын секілді бір қаладан келесі бір қалаға тарап отырды.

Сурет ғаламтордан алынды
Сурет ғаламтордан алынды

Еуропадағы үйлердің тығыз орналасуы

Сурет  ғаламтордан алынды
Сурет ғаламтордан алынды

Орталық Азиялық ташнау жүйесі