476 жылы Батыс Рим империясының жойылуымен Еуропада шартты түрде Ортағасырлық кезең басталды (ресми түрде феодализм VIII ғасырда Франк мемлекетінің бей ресми билеушісі Карл Мартеллдің өз жауынгерлеріне жер үлестірумен басталды). Ежелгі дәуірден кейін басталған Ортағасырлық кезеңнің басты ерекшелігі феодалдық құрылыста болды. Феодалдық кезең - жерді иелену құқығымен ерекшеленді. Бірақ жерді уақытша иелену, сенімгерлікпен берілген дүниені сенімді ақтау әрекетімен пайдалану. Бүкіл мемлекеттегі жер монархтың меншігі болды. Яғни, корольдің меншігінде. Король өзінің билігін қамтамасыз ету үшін сенімді адамдарға жер үлесін беріп отырды. Жерді алған феодалдар одан кейінгі төменгі буынға жер беру дәстүрін жүйелі түрде дамытып уақытша таратып отырды. Жерді жоғарыдан төменгіге беру уақытша, сенімгерлікке негізделді. Сенімін ақтай алмаған жағдайда берілген жерлер қайтарылып алынды. Жерді иеленген төменгі корольден кейінгі феодалдар - корольге берілген жердің өнімін тапсырып, әскер жасақтап беріп,