Найти в Дзене

💖💚💙 Мен сені құлай сүйгенмін. Ербол Спаналиев. Лашын Мұратқызы 💖💚💙

Есіңде бар ма жас күнің,
Көкірегің толық, басың бос,
Қайғысыз, ойсыз, мас күнің —
Кімді көрсең, бәрі дос.

Махаббат, қызық, мал мен бақ
Көрінуші еді досқа ортақ.
Үміт жақын, көңіл ақ,
Болар ма сондай қызық шақ?

Құдай-ау, қайда сол жылдар,
Махаббат, қызық мол жылдар?
Ақырын, ақырын шегініп,
Алыстап кетті-ау құрғырлар!

Жалынасың, боқтайсың,
Сағынасың, жоқтайсың.
Махаббат кетті, дос кетті —
Жете алмайсың, тоқтайсың.

Көзіме жас бер, жылайын,
Шыдам бер, сабыр қылайын.
Жаралы болған жүрекке
Дауа бер, жамап сынайын.

Ғашықтық, құмарлықпен – ол екі жол

Ғашықтық, құмарлықпен – ол екі жол,
Құмарлық бір нәпсі үшін болады сол.
Сенен артық жан жоқ деп ғашық болдым,
Мен не болсам болайын, сен аман бол.

Көңілімнің рақаты сен болған соң,
Жасырынба, нұрыңа жан қуансын.
Бірге жаққан біреуге жақпаушы еді,
Сүйкімді тірі жанға неткен жансың?!

Ғашықтық келсе, жеңер бойыңды алып,
Жүдетер безгек ауру сықылданып.
Тұла бой тоңар, суыр, үміт үзсе,
Дәмеленсе өртенер күйіп-жанып.

-2

Білектей арқасына өрген бұрым...

Білектей арқасында өрген бұрым,
Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын.
Кәмшат бөрік, ақ тамақ, қара қасты,
Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін?


Аласы аз қара көзі айнадайын,
Жүрекке ыстық тиіп салған сайын,
Үлбіреген ақ етті, ашық жүзді,
Тісі әдемі көріп пе ең қыздың жайын?


Бұраң бел, бойы сұлу, кішкене аяқ,
Болады осындай қыз некен-саяқ.
Піскен алма секілді тәтті қызды
Боламын да тұрамын көргендей-ақ.


Егерде қолың тисе білегіне,
Лүпілдеп қан соғады жүрегіңе.
Бетіңді таяп барсаң тамағына,
Шымырлап бу енеді сүйегіңе.

-3

Біреуді көркі бар деп жақсы көрме,
Лапылдақ көрсе қызар нәпсіге ерме!
Әйел жақсы болмайды көркіменен,
Мінезіне көзің жетпей көңіл берме!

Толқынын жүрегіңнің хаттай таныр,
Бүлк еткізбес қалайша соқса тамыр!
Жар көңіліне бір жанын пида қылып,
Білместігің бар болса қылар сабыр.

Шу дегенде көрінер сұлу артық
Көбі көпшіл келеді ондай қаншық.
Бетім барда бетіме кім шыдар деп
Кімі паңдау келеді кімі тантық.

Ақыл керек, іс керкек мінез керек
Ер ұялмас іс қылар қатын керек.
Салақ, олақ, ойнасшы, керім, кербез
Жыртаң тыртаң қызылдан шығады ерек.

-4

Қор болды жаным,
Сенсізде менің күнім,
Бек бітті халім,
Тағдырдан келген зұлым.
Тағдыр етсе алла,
Не көрмейді пәнде?

Сайрай бер, тілім,
Сарғайған соң бұл дерттен.
Бүгілді белім,
Жар тайған соң әр серттен.
Қамырықты көңіл,
Қайтсе болар жеңіл?

Сағындым сені,
Көрмедім деп көп заман.
Адам деп мені,
Салмадың сен хат маған.
Жай таба алмай жүрек,
Жасыған соң сүйек.

Бұл қылған зарым
Барса жардың маңына,
Ол - қылған дәрім
Ғашығымның жанына.
Оңалдырып ойды,
Түзетпей ме бойды?

-5

Қалқаман Сарин (Сағынбауға...)

-6

Кешегі өткен күндердің бәрі сәтті емес,
Сәтсіздіктен де іздеймін жаным, тәтті елес.
Сағыныш деген ғажайып ғұмыр кешемін,
Жетуге саған амалым болмай, әттең, еш.

Бұлыңғыр тартып, бұлтты күн де тым баяу,
Өтпейді. Өтсе, отырам оймен түнде ояу.
Саруайымменен, сарғаюменен күн кешіп,
Санама менің сіңіп барады бір бояу.

Толқыған жүрек, балқыған сезім тудырып,
Ол күндер кетті кірпікке ауыр мұңды іліп.
Малынып шерге, сағынып сен де жүрмісің,
Жаныңды, қарғам, жасына көздің жудырып.

Кетсе де мейлі аспанның асты тарылып,
(Серуен құрам, тәтті елес, сені сағынып).
Қанатын керген қара түндерден іздеймін,
Іздеймін анау аспанға сансыз шам іліп.

Жұлдызды аспаным жымың қаққанда жақын кеп,
Жұлдыздан құрап жазамын өлең ақын боп.
Қалайда, жаным, сені ұмытуға тиіспін,
Ал сағынбауға хақым жоқ!

-7

Ол күндер арман бұл күнде,
Қауызын жарған гүл-сезім.
Мазалап қазір жүр мүлде,
Айтпаған сонда бір сөзім.
Айтпаған сонда бір сөзім

Қайырмасы:

Кездескен сәтті сый көрдім,
Қоштассам, мұнлы күйге ендім.
Жанғанмын солай, күйгенмін,
Мен сені құлай сүйгенмін.
Мен сені құлай, мен сені құлай,

Мен сені құлай сүйгенмін...
Жаныма нұрын төгетін,
Көктемдей дара шұғылам.
Өзімді көргім келетін,
Көзіңнің қарашығынан.
Көзіңнің қарашығынан...

Қайырмасы:

Кездескен сәтті сый көрдім,
Қоштассам, мұнлы күйге ендім.
Жанғанмын солай, күйгенмін,
Мен сені құлай сүйгенмін.
Мен сені құлай, мен сені құлай,


Мен сені құлай сүйгенмін...
Босағасына іргеңнің,
Келмейтініңді білгенмін.
Айтуға бірақ имендім,
Сонда да құлай сүйгенмін.
Мен сені құлай, мен сені құлай,

 Абай Құнанбайұлы

Татьяна сөзі

(А. С. Пушкиннен)

Тәңірі қосқан жар едің сен,
Жар ете алмай кетіп ең.
Ол кезімде бала едім мен,
Аямасқа бекіп ең.

Талақ етіп бұл ғаламды,
Болды мәлім кеткенің,
Кінәсі жоқ жас адамды
Қатты соққан не еткенің?

Елжіреген жас емес пе ем?
Еппен айтсаң жұбатып.
Мен ғашыққа мас емес пе ем?
Кетсең еді ұзатып.

Сен жаралы жолбарыс ең,
Мен киіктің лағы ем.
Тірі қалдым, өлмей әрең,
Қатты батты тырнағың.

Бұл кінә емес, әншейін наз,
Сағынамын, айтамын.
Досың-ақпын, тағдыр араз,
Толғанамын, қайтемін.

Сен шошыдың ғашығыңнан,
Өзге жұрттан қамшы жеп.
Мен де сорлы нәсібімнен,
Жатқа тидім алшы деп.

Жар табылмас сен секілді,
Мен де сендей сорлы зар.
Қол-аяғым берік бекілді,
Енді ненің орны бар?

Өз қораңның қақпасын сен
Қатты жаптың, не айтайын.
Жат қораның тақтасын мен
Жастанамын, қайтейін.

Қаймақ еді көңілімде,
Бізге қаспақ болды жем.
Екі сөз жоқ өмірімде,
Мен де – сорлы бақыты кем.

Еш қызыққа арманым жоқ,
Бәрі де бар формының.
Біреуіне қанғаным жоқ,
Өзіме аян сорлымын.

Жаным ғашық асылым ең,
Жар есігін бермедің.
Сорға біткен ғашығымсың,
Неге тым кеш сермедің?

Жат есікті және қорып,
Жара салма сен маған.
Жұрт жамандар жатқа жорып,
Жалынамын мен саған.

Үшбу қиял келсе басқа,
Сен жүдер деп мен үшін.
Болар еді қайнамасқа,
Мыс қазандай сорлы ішім.

Ғашық-ақпын еш күмәнсіз,
Ырыс емес, сор үшін.
Көрісуге шыдамаспыз,
Айрылалық сол үшін.
Абай Құнанбайұлы Татьяна сөзі (А. С. Пушкиннен) Тәңірі қосқан жар едің сен, Жар ете алмай кетіп ең. Ол кезімде бала едім мен, Аямасқа бекіп ең. Талақ етіп бұл ғаламды, Болды мәлім кеткенің, Кінәсі жоқ жас адамды Қатты соққан не еткенің? Елжіреген жас емес пе ем? Еппен айтсаң жұбатып. Мен ғашыққа мас емес пе ем? Кетсең еді ұзатып. Сен жаралы жолбарыс ең, Мен киіктің лағы ем. Тірі қалдым, өлмей әрең, Қатты батты тырнағың. Бұл кінә емес, әншейін наз, Сағынамын, айтамын. Досың-ақпын, тағдыр араз, Толғанамын, қайтемін. Сен шошыдың ғашығыңнан, Өзге жұрттан қамшы жеп. Мен де сорлы нәсібімнен, Жатқа тидім алшы деп. Жар табылмас сен секілді, Мен де сендей сорлы зар. Қол-аяғым берік бекілді, Енді ненің орны бар? Өз қораңның қақпасын сен Қатты жаптың, не айтайын. Жат қораның тақтасын мен Жастанамын, қайтейін. Қаймақ еді көңілімде, Бізге қаспақ болды жем. Екі сөз жоқ өмірімде, Мен де – сорлы бақыты кем. Еш қызыққа арманым жоқ, Бәрі де бар формының. Біреуіне қанғаным жоқ, Өзіме аян сорлымын. Жаным ғашық асылым ең, Жар есігін бермедің. Сорға біткен ғашығымсың, Неге тым кеш сермедің? Жат есікті және қорып, Жара салма сен маған. Жұрт жамандар жатқа жорып, Жалынамын мен саған. Үшбу қиял келсе басқа, Сен жүдер деп мен үшін. Болар еді қайнамасқа, Мыс қазандай сорлы ішім. Ғашық-ақпын еш күмәнсіз, Ырыс емес, сор үшін. Көрісуге шыдамаспыз, Айрылалық сол үшін.