2020 жылы қарашаның 10 күні Әзірбайжан Республикасы оған бағынбайтын Армения қолдаған Таулы Қарабах (Арцах) сепаратистік Республикасы арасында 44 күнге созылған соғыс аяқталған болатын. Бірақ екі тарап арасында атыстар тоқтамады. Бұл атыстың басталуына екі тарап бір-бірін айыптауда. Лачин дәлізі мен Ханкенди аймақтарында атыстар жиі болып тұрады. Атысты тоқтатып, Қарабах аймағына бейбітшілікті орнату мақсатында енген Ресей бітімгершілік күштері әзірше өз миссиясын толық орындай алмауда. Қарабах аймағын өзінінің заңды аймағы санайтын Әзірбайжан Республикасы сепаратистерге Армения қолдау білдіріп отыр деп айыптауда. Шекаралық аймақта атыстың кенеттен басталып, оның кенеттен үлкен соғысқа айналып кетуіде, тіпті кенеттен тоқтап қалуыда ғажап емес. Бүгін 2022 жылдың 19 қыркүйегінде Әзірбайжан Республикасы өзінің заңды бөлшегі саналатын Қарабах аймағында Конституциялық заңдылықты орнату мақсатында Әзірбайжан Республикасының Қарулы күштеріне бағынбайтын заңсыз қаруланған күштеріне (өзін-өзін Тәуелсізбіз деп жариялаған Таулы Қарабах Республикасының Қарулы күштеріне) қарсы лаңкестікке қарсы арнайы мақсаттағы жергілікті аумақтық әскери операциясын бастады. Спутник Әзірбайжан мәліметіне сәйкес арнайы мақсаттағы әскери операция армян тарапының миналау әрекетіне қарсы бағытталған. Армян тарапының минасынан Әзірбайжан автожолдар мемлекеттік мекемесінің төрт қызметкері Асим Джамалзаде, Рамиль Ширинов, Сеймур Махмудов және Хазар Заманов қаза тапқан. Әзірбайжан Бас прокуратурасы аталмыш мәселеге байланысты қылмыстық іс қозғады. Әзірше белгісіз минаны Армениялық армяндар қойды ма жоқ Таулы Қарабахтық армяндар қойды ма? Әзірбайжан Қарулы күштері Қарабах аймағында әскери операциясының басталғанын жариялап, бейбіт тұрғындарды әскери нысандардан аулақ жүруге шақырды. Телеграм арналарындағы мәліметтерге сәйкес Әзірбайжан тарапы сепаратистерді радио электрондық барлау қондырғыларына қарсы бірнеше мәрте оқ жаудырғаны айтылады. Ходжавент бағытында, Ходжалий аудандарының аумағында атыстар байқалған делінеді. Әзірбайжан Республикасының Қарабах аймағындағы заңсыз қаруланған әскери жасақтарға қарсы лаңкестікке қарсы бағытталған әскери операциясының басталғанын жариялаған кезден бастап - Түркия Республикасы Әзірбайжан тарапын қолдайтындығын мәлімдеді. ОБСЕ бас хатшысы Армения мен Әзірбайжан тарапын атыс қимылдарын тоқтатуға шақырды. Қауіпсіз кеңесінің отырысын шақырған Армения премьер-министрі Н. Пашинян Таулы Қарабахты (Арцах) жағдайға байланысты Әзірбайжанға қарсы соғыс қимылдарын бастамайтындығын мәлімдеді. Яғни, Қарабахтағы мәселе Әзірбайжан Республикасының ішкі мәселесі десек болады. Әзірше, Таулы Қарабах аймағындағы атыс қимылдары үлкен соғысқа ұласа қойған жоқ. Әзірбайжан құрамында (әлем осылай мойындайды) орналасқан армяндық анклав Таулы Қарабах аймағында бейбітшілік орнайма? Оны әзірше уақыт көрсетеді?
сурет ғаламтордан алынды