Жалпы бұл аталмыш мемлекеттер өзара бір-бірімен салыстыратындай несімен ұқсас дегенге келсек - бұл мемлекеттердің барлығы мәдениетімен, дін ұстаным жағынан ұқсас келеді. Бірақ мемлекеттік билікті иелену жүйесінде біраз айырмашылықтар бар. Осман империясында билікті берудің тік жүйесі орнықты. Тіпті билікті иемденіп кетуге қарсы "Фатих" заңыда жүзеге асып отырды. Яғни, жоғарғы билік иесінің - билігіне қауіп төндіруі мүмкін деген желеумен
сұлтанның ағайындылары өлтіріліп отырды. Кейін бұл әдіс сұлтанның бауырларын сарай бөлмелеріне қамаумен алмастырылды. Осман империясында жоғарғы биліктің беру жүйесі орнықпағандықтан - билік үшін таластар жиі болып тұрды. Сұлтан бірде қосымша падишах, (Абдул Хамид хан)хан деп аталса 1517 жылдан халиф атағына ие болып отырды. Бірақ бұл атақтар оған билікті ұстап тұруына кепілдік болмады. Билікті орнықтыру үшін Осман сұлтандары өз балаларына сұлтандық билікті беріп, жоғарғы биліктен бас тартып, билікті - әкеден - балаға, ағадан - ініге беру жүйесіне