Добавить в корзинуПозвонить
Найти в Дзене

"Даниель" дауылының Ливияға әсері

2023 жылдың 7 қыркүйегінде Жерорта теңізінде "Даниель" дауылы жүргені белгілі. Бұл дауылдың эпицентрі Ливия жағалауынада болып, басты жапа шеккен ел осы Ливия мемлекеті болды. "Даниель" дауылынан Ливияның шығысында орналасқан 79 мыңдық Дерна қаласы қатты зардап шекті. Дерна қаласының халқының 11 мың адам қаза тауып, 20 мың адам жоғалғандардың қатарында. Бұл әрі қарай көбеюіде мүмкін. Әзірше Дерна қаласында зардаптарды жою мүмкін болмай тұр. Халықтың аман қалған бөлігін қауіпсіз жерге көшіруде. Бірақ Дерна қаласын лай көшкінінен тазарту қиын болып тұр. "Даниель" дауылынан қорғаныс бөгеттері қирап мыңдаған үйлер су астына қалған. Дауылдың зардаптарын жоюда артық қол болмай тұр. Бұның себебі, Ливияда 2011 жылдан бері азамат соғысы жүріп жатыр. Дерна қаласы орналасқан елдің шығыс бөлігін парламент бақылауындағы Ливия ұлттық армиясы бақылайды. Ал елдің батысын Триполидегі үкімет бақылайды. Екі тарап бір-бірін мойындамай, 2011 жылдан бері қарулы қақтығыс жүріп жатыр. Осы орайда "Даниель" дау

2023 жылдың 7 қыркүйегінде Жерорта теңізінде "Даниель" дауылы жүргені белгілі. Бұл дауылдың эпицентрі Ливия жағалауынада болып, басты жапа шеккен ел осы Ливия мемлекеті болды. "Даниель" дауылынан Ливияның шығысында орналасқан 79 мыңдық Дерна қаласы қатты зардап шекті. Дерна қаласының халқының 11 мың адам қаза тауып, 20 мың адам жоғалғандардың қатарында. Бұл әрі қарай көбеюіде мүмкін. Әзірше Дерна қаласында зардаптарды жою мүмкін болмай тұр. Халықтың аман қалған бөлігін қауіпсіз жерге көшіруде. Бірақ Дерна қаласын лай көшкінінен тазарту қиын болып тұр. "Даниель" дауылынан қорғаныс бөгеттері қирап мыңдаған үйлер су астына қалған. Дауылдың зардаптарын жоюда артық қол болмай тұр. Бұның себебі, Ливияда 2011 жылдан бері азамат соғысы жүріп жатыр. Дерна қаласы орналасқан елдің шығыс бөлігін парламент бақылауындағы Ливия ұлттық армиясы бақылайды. Ал елдің батысын Триполидегі үкімет бақылайды. Екі тарап бір-бірін мойындамай, 2011 жылдан бері қарулы қақтығыс жүріп жатыр. Осы орайда "Даниель" дауылының соққандығы азамат соғысынан көш ашпай тұрған халыққа "жығылғанға жұдырық секілді". Тіпті "Даниель" дауылының атауыда бірнәрсені меңзеп тұрғандай. "Даниель" атауы - иврит тілінде "құдай маған төреші, сот" деген мағынада. Бұл мәселе түп төркінді "Даниель" дауылының атауынан іздеген дұрыс емес болар. Дауылдың бұлай аталуы жәй ғана сәйкестік. Жалпы мәселенің түп төркіні Ливия жұрты бұл жағдайдан қалай шығады? "Даниель" дауылының зардабын қалай жояды? Халықаралық қауымдастық жіберген қаржылай көмекті қай тарап алады? Халықаралық қауымдастық қалай көмектесе алады? Бәлкім, БҰҰ қауіпсіздік кеңесіне мүше елдер Ливияның Дерна қаласын "қауіпсіз аймақ" деп жариялап, зардапты өз қолдарына алама. Себебі, 2011 жылдары Ливиядағы Жамағирия билігіне наразылық басталған кезде - елдің әуе кеңістігін жабуға БҰҰ қауіпсіз кеңесіне мүше елдер септестен. Қазірде, мүмкін БҰҰ-ның қауіпсіз кеңесі араласар. Әйтпесе, "Даниель" дауылының зардабымен азамат соғысы жағдайындағы Ливия халқы жалғыз өзі күресе алмайды. "Даниель" дауылының зардабын жою дегенде - қираған үйлерді қалпына келтіру ғана емес Дерна қаласын қайта салу, жағалауларды бекіту, бөгендерді қайта тұрғызу, жинақталып қалған суларды сору, Әл-Мухайл шөлін қалпына келтіру ("Даниель" дауылынан Әл-Мухаил шөлді даласы теңізге айналған). Миллиардтаған ақша керек.

"Даниель" дауылының ғарыштық түсірілімі
"Даниель" дауылының ғарыштық түсірілімі
"Даниель" дауылының әсері
"Даниель" дауылының әсері