Эвенкілер Қиыр Шығыс, Моңғолия, Шығыс Қытайда өмір сүретін тунгус-маньчжур тілдес халық. Ресейдегі Эвенкі автономиялық облысында тұрады. 1667 жылы эвенкі халқының тайпа көсемдері Қытайдың Маньчжур-Цин империясының құрамынан Ресей империясынан өткен. Осыдан болса керек, кейбір қытайлық Охот аймағының өзінің тарихи жері деп есептейді. Бәлкім, бұлай ойлайтындар Қытайлық эвенкілердің ұрпағы болса керек. Қытайда Сібір біздікі болған деп айтып қалатын әсіре ұлшылдарда бар. Ресейдің құрамына өткен эвенкі халқы 1931 жылға дейін тунгус деп аталды. Ал 1931 жылдан эвенкі атауына ие болды. Бұл халық бір уақыттары Кеңес өкіметіне қарсы шығып, Тәуелсіздігін де жариялап үлгерген болатын. Өкінішке орай кеңес үкіметімен келіссөздерге барып, Тәуелсіздікті жариялау әрекеті шынайы Тәуелсіздікке ұласпады. Тәуелсіздікті жариялағандар, кейін репрессияға ұшырап кетті. Бұл оқиға 1924-1925 жж. орын алды. 1917 жылы Ресей империясының орнына келген Уақытша үкіметті алмастырған Кеңестер өкіметі өз билігін азамат соғысы арқылы орнықтыру арқылы көптеген халықтардың тұрмыс-тіршілігіне өзгерістер енгізіп жіберді. Осындай тұрмыс-тіршілігіне өзгерістерді алып келген халық тунгустар (эвенкілер) болды. Ресей империясының шығыс бөлігінде өмір сүретін халық үшін Охот бойына келіп тұратын шетелдік сауда кемелері әжептеуір тіршілікке әсер етті. Тунгустар өздері аулаған балықтарын, асыраған бұғыларын саудалап жан бақты. Кеңес өкіметі орнап саудаға мемлекеттік монополия орнап, жеке саудаға тиым салғаннан кейін тунгустықтардың жағдайы күрт нашарлап кетті. Халық кеңестік артельдердің тапсырысын орындаймыз деп малынан айырыла бастады. Енді өздері бағып жүрген бұғылардың өзі өздерінікі болмай шықты. Бұған көршілес Якутиядағы кеңес өкіметіне қарсы көтерлістерде өз әсерін берді. Кеңес үкіметі Эвенкілер тұратын аймақтарда орта мектептер ашуға асыға қоймады. Халықтың мәдени дамуы байқалмады. Кеңес өкіметі 1922-1923 жылдары ақтардың генералы А. Пеплеяевтің көтерілісіне қолдау білдірді деп сенімсіздік танытты. Осы мәселелер жинақталып келіп, 1924 жылы үлкен көтеріліске әкелді. Көтеріліске шыққан тунгустар 1924 жылы Тунгус Халық Республикасының құрылғандығын жариялап, КСРО мен РКФСР құрамынан шығатындығын мәлімдеді. Бір қызығы Охот аймағында 13 мыңдай тунгус халқы тұрған. Осы 13 мың наразылық білдіріп, Тәуелсіз Халықтық Республика құрды. Мемлекеттің туын қабылдады. Ұлттар Лигасынан көмек сұрады. 600-ден астам адамнан тұратын қарулы жасақ құрылды. Тунгус Халық Республикасының билігі егер КСРО мен РКФСР билігі Тунгус Халық Республикасына аумағына қарулы шабуыл жасайтын болса - жауап беретіндігін айтты. Бірінші және екінші тунгус халқының съезіде өтті. Бірақ өкінішке орай көтерілісшілер кеңес үкіметімен келіссөзге барып, Тәуелсіздігі тұрақтана алмай қалды. Мүмкін, сіздер 13000 халық Тәуелсіз мемлекет құра алмайды деуіңіз мүмкін. Бірақ осы 13000 халық Кеңес үкіметін келіссөз жүргізуге, қысымды жеңілдетуге мәжбүрледі. Кеңес үкіметі көтерілісшілерге ресми кешірім берді. Бірақ кейін Тәуелсіздікті жариялауға қатысқандар репрессияға ұшырады. Осылайша эвенкі (тунгус) халқының Тәуелсіздікке ұмтылысы баянсыз аяқталды. Дегенімен, бұл ояну қозғалысы болды. Көтеріліс басшылары өмірлерін қиса да халқына назар аудартып, біраз жеңілдіктер қол жеткізді
Эвенкілердің КСРО мен РКФСР-дан бөлініп, Тунгус Халық Республикасын жариялауы
2 минуты
3 прочтения
15 сентября 2023