Найти в Дзене

Тұрар Рысқұлов Алаш қозғалысы өкілдеріне қандай баға берді

Жалпы алғанда ХХ ғасырдың басындағы ұлт зиялыларын шартты түрде үш топқа бөлуге болады деп ойлаймын. Біріншілер ұлттық либерал-демократтық бағыттағы Алаш қозғалысының өкілдерін атасақ. Екіншілер солшыл бағыттағы соцалистік және социал-демократиялық саяси бағыттағы үш жүздіктер мен қазақ большевиктері. Ал үшінші топқа Серали Лапин басқарған заманауи бағыттағы клерикалдық Шура-и улем және Шура-и ислам партиясының жақтастары (бұлар аз болды). Менің шағын мақалам екінші топтың өкілі саналған Тұрар Рысқұловтың бірінші топқа берген бағасына арналады. Жалпы айта кететін ескерту. Мақала тарихи тұлғалар арасына қандай сызат түсіруге бағытталмайды. Тек Тұрар Рысқұловтың еңбектерінде алаш қозғалысы, алаш ордашылықтарды қалай бағалағандығы айтылады. Жалпы Тұрар Рысқұлов кім дегенге келсек 1894-1938 жж. өмір сүрген ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ халқының тарихи тұлғасы, қоғам қайраткері, ұлт зиялысы. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісті ұйымдастырушылардың бірі. Кеңес өкіметін орнатуға ат салысқан

Жалпы алғанда ХХ ғасырдың басындағы ұлт зиялыларын шартты түрде үш топқа бөлуге болады деп ойлаймын. Біріншілер ұлттық либерал-демократтық бағыттағы Алаш қозғалысының өкілдерін атасақ. Екіншілер солшыл бағыттағы соцалистік және социал-демократиялық саяси бағыттағы үш жүздіктер мен қазақ большевиктері. Ал үшінші топқа Серали Лапин басқарған заманауи бағыттағы клерикалдық Шура-и улем және Шура-и ислам партиясының жақтастары (бұлар аз болды).

Менің шағын мақалам екінші топтың өкілі саналған Тұрар Рысқұловтың бірінші топқа берген бағасына арналады. Жалпы айта кететін ескерту. Мақала тарихи тұлғалар арасына қандай сызат түсіруге бағытталмайды. Тек Тұрар Рысқұловтың еңбектерінде алаш қозғалысы, алаш ордашылықтарды қалай бағалағандығы айтылады.

Жалпы Тұрар Рысқұлов кім дегенге келсек

1894-1938 жж. өмір сүрген ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ халқының тарихи тұлғасы, қоғам қайраткері, ұлт зиялысы. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісті ұйымдастырушылардың бірі. Кеңес өкіметін орнатуға ат салысқан азамат. Түркістан АКСР ОАК төрағасы (қазіргі тілмен айтқанда президенті), "Еңбекші қазақ" газетінің жауапты редакторы. Коминтерннің Моңғолиядағы арнайы өкілі. Моңғол Халық Республикасының Конституциясын жазушылардың бірі. Тіпті Моңғолия астанасы Урганы Улан-баторға (қызыл батырға) ауыстырушылардың бірі деп айтылады. Түрксіб теміржолын салу комиссиясының басшысы. 1926-1937 жж. РКФСР ХКК төрағасының орынбасары деп қысқа айтсақ болады. Себебі, қазақ тарихынан танымы бар адамдар бұданда көп білетіндігі анық. Тұрар Рысқұлов жайлы көптеген мақалалар жарияланып, магистрлік және докторлық диссертациялық еңбектер қорғалған. Бұл тұлға жайлы ғаламтор бетінде қазақша, орысша, тіпті ағылшынша мәліметтер бар. Белгілі қоғам қайраткері Шерхан Мұртаза аталмыш тұлғаға "Қызыл жебе" еңбегін арнаған. Кейін "Қызыл жебе" аталған биографиялық көп сериалды кинода түсірілді. 2007 жылы "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасы бойынша Тұрар Рысқұловтың шығармалары 5 томдық еңбек болып шықты.

Тұрар Рысқұловтың "Оқығандардың шығуы және олардың мәнісі" атты мақаласында "Алаш қозғалысы" өкілдеріне мынандай баға береді: "Қазақтың таза ұлтшыл зиялылары бастығы Бөкейханұлы Әлихан мен Байтұрсынұлы Ахмет болып, әлгі бағытқа, исламшылдық пікірге де қарсы болды, бұлар қазақ тілінің, қазақкөшпелі тұрмысының таза сақталуын көкседі, бұларда халықшылдық пікірі болды (қазақ зиялыларының кемшіліктерін, олардың қара бұқарадан қол үзіп кеткендігін көрсетіп отырды). Осы пікірдегі зиялылар 1913-інші жылдан бастап 1918-інші жылдың басына шейін тұрған "Қазақ" газетінің төңірегіне жиналды. Қазақ зиялыларының осы жігі қазақ көзінде беделді болып, "Айқапты" жеңеді де, қазақтың әдебиет тілін туғызады. Қазақ әдебиеті мен қазақ тілін бұралқы тілдерден тазартады. Қазақтың бетке шығарын, орыстың либералшы байларымен одақ қылуға әзірлене отырып, қазақтың жерін тартып алу саясатына, басқа түрлі кемшіліктеріне қарсы болады,.. Ақпан төңкерісінен кейін қазақтың осы ұлтшыл оқығандары "Алаш" партиясын жасайды да, "Қазақ" осы "Алаш" партиясының орталық газеті болады." Мәтіннен арықарай оқиғаларда Алашорда үкіметінің құрылғандығы, Кеңес өкіметіне қарсы болғандығы айтылады. Жалпы алғанда сырттай бағалаған адам өзінің саяси қарсыластарына дұрыс баға беріп тұр. Алаш қозғалысының Қазақ тілі мен әдебиетіне қосқан үлесі, "Алаш" қозғалысының бағыты, ұстанымы, отаршылдыққа күресі - жер мәселесі бойынша жақсы суреттелген. Әрине мәтін көлемді. Мен тек соның кішігірім бөлімін алып тұрмын. Бұл мәтін Тұрар Рысқұловтың жоғарыда айтылған 1929 жылы "Қазақстан" брошюрасының "Қазан төңкерісі. Автономиялық Қазақ Республикасының жасалуы" V бөлімінде айтылады. Осы бөлімде "Оқығандардың шығуы және олардың мәнісі"-деген мақалалық бөлімі бар.