2014 жылы парламенттік сайлаумен билікке келген әсіре ұлтшылдық бағыттағы Үндістанның "Бхарата джаната партиясы" ("Үнді халықтық партиясы") бір партиялық үкімет құрып, өз жағына халықтың көп бөлігін тарта алды. Көп жыл бойы өкімет билігін өз қолында ұстап тұрған Үнді Ұлттық Конгресі біртіндеп өзінің ықпалынан айырылып, өңірлік аймақтарда да билікті "Бхарата джаната партиясына" берді. Ел ішіндегі тазалық науқанынан бастап, экономикалық өрлеуді осы партиямен байланыстыратын толқындар легі қалыптасты. Қазіргі кезде үкімет төрағасы Нарендро Модидің танымалдылығы жоғары. Осы танымалдылық негізінде "Бхарата джаната" партиясы өзін тарихта қалдырып, ағылшындар қалдырып кеткен отаршылдық India атауын Bharata атауымен ауыстырмақ. Бхарата атауы ежелгі діни мәтіндерде Үндістан атауымен пара-пар. Біздің Қазақ - Алаш деген секілді. Бірақ Үнді қоғамында діни түсінік жоғары тұратындығын айта кету керек. Бұл барлығының не көпшіліктің әсіресе Үндістандағы хинди халқының көңілінен шығуы мүмкін. Хиндуст
Неге Үндістан мемлекеті өзінің ресми атауын ауыстыруда? Бұған Нарендро Моди партиясының қандай қатыстылығы бар?
12 сентября 202312 сен 2023
9
1 мин