Найти в Дзене

Ұзақ жыл үйдегі мұра жайда сақталған фото туралы.

Ұзақ жыл архибімде сақтап келе жатқан мына бір фотоны жолдадым.

Осы фотоның шетінде Қазақатың ұлы тұлғасы аяулы ақын Абайдың шәкірті Шәкерім Құдайбердіұлының кенжеұлы тұр. Фото 1938 жылы Қытайдың Ұрімжі қаласында тұсірілген екен.

Сонымен атақты Шәкәрімінің ұлы Ұрімжіде (қытайда) не қып жұр?. 1931 жылы кеңес елі (орыстар) ақын Қ.Шәкерімді қастандықпен атып өлтіріп мұрдесін құдыққа тастайды.

(Абайды құсдан өлтірді әкесін атып өлтірді енді өздерін аямасын білген Шәкерімнің кенже ұлы Ш.Зият қытай асып қашып кетеді. 1933 жылы Шәріпхан Көгедай қытайдың Алтай аймағында басшы болып сайланып елді ағартыу, оқу білімге баулу жұмысын қолға алғанда халықты білімге баулу оқыту ұшін Ш.Зият ұстаз қызметін атқарады.

Міне көп өтпей 1938 жыл бір топ адамдармен бірге Ш.Зият фотоға тұседі. Фотода тағы басқа адамдар жайлы дерек. Ортада алдында баласы бар кісі Сейітқазы Нұртайев. Ақмолада туған, Алтайда "Абақия"да жәдиттік сабақ берген, кейін Үрімжіде 300 кісілік Қазақ құрылтайының сайлауымен "Қазақ-қырғыз Мәдени, Ағарту" ұйымының төрағасы болған адам екен.

Ал ана қыз бала Мүнира Кейін Зият Шәкәрімұлына үйленген. Сейітқазы ұстаз 1944 жылы Ұлан-батырда қайтыс болған. Жалғыз ұлы Жәудет 1960 жылдары Атамекені Айыртауға (Солтүстік Қазақстан об) көшіп барыпты ұрпағы сонда. отырғандардың екіншісі Абай оң жағындағысы жоғарыда жаздық Сейтқазы ұстаз.

Анау шетте Бердіқожа ұстаз тұр (Өлгейде қайтыс болған), Әбу сақшы, (Бекен Қайрат аға Әлихан төре... бар деиді мен танымадым қайсы екен?)... Ана бір кісі қырғыз. Бұқара мен Нығмет тұр. Ана жерде Абай Қасымовтың құдасы тұр.Қайырбай (Цэнгэлде мектеп ашқан адам деиді).

Қайырбай жайлы толқытра кетсем Бесқарағай Семей жақтың адамы 1931 жыл Монголя қазақтарын оқытуға ұстаздық қызметке Қайырбайды монголға ұстаздық қылуға Шәріп ертіп барған еді. Мына фотода қытайда тағы жұр!? Елдеш Ордаш бауыр таныған адамдар

Әскери киімді адам Әбеу Құддыш деиді. Осындай адамдар екен. Айтпақшы ортада отырған адам Абай Қасым бұл кісі 1930 жылдары Монгол қазақтарын ағартушылқпен айналысып елді тұрақтап қалуға ұгіт насихат жасаған еді.Бұл фотода Абайдың қытайда болғаны мені қатты ойландырып отыр.

Жанарбек Ақыби.