XVIII ғасырда Англияда 1640 жылдары орын алған буржуазиялық революциясының әсерімен еңген капиталистік қатынастар - ағылшын орта табының арасында үлкен бәсекені тудырды. Барлық ағылшын азаматтары өз кәсібінен пайда тауып ғана қоймай, оны тиімді түрде жеңілдетуге тырысты. Осы жеңілдету әрекетінен өнертабыстар пайда болды. Бұл өнертабыстар пайда болып ғана қоймай, күнделікті өмірге еніп кәсіпкерлердің өмірін жеңілдетті. 15-20 адамның жұмысын енді өнертабыстық өндірістік мәшине жасайтын болды. Кәсіпкерлерде енді артық жұмысшы жалдамайтын болды. Бұл өнертабыстар, күнделікті өмірге еніп ғана қоймай, жаңарып, түрленіп қолданысқа ене бастады. Қол еңбегінің жұмысы мейлінше азайды. Өндірістік фабрикалар ашылды. Бұл фабрикалардағы мәшинелер сұранысқа байланысты түрленіп жатты. Фабрика қожайындары да фабрикалардағы қондырғыларды, мәшинелерді ауыстырумен болды. Оларға артық адам жалдап, ақша төлегенше, - артық ақшаны фабрикалық қондырғыларды жетілдіруге жұмсау маңызды болды. Жаппай ашыла баста
Англиядағы Луддашылар қозғалысы
23 сентября 202323 сен 2023
23
2 мин