Найти в Дзене
Rok Tolqyn

ДДТ тобы Қонаевтағы фестивальда қазақша ән айтты

Осы демалыс күндері Қонаевта Family Fest рок-фестиваль өтіп, оған бірнеше ресейлік әртістер де қатысты. Сол фестивальдің сахнасында танымал ДДТ тобы қазақ тілінде ән орындап, қазақ жанкүйерлерін қуантты. Әлеуметтік желіде аңызға айналған ресейлік тобының бейнелері пайда болды. Музыканттар өздерінің «Ты не один» композициясын қазақ тілінде орындады. Қазақстандық жанкүйерлерді мұндай әрекеттері іші-бауырды жібітті. Осы жылы ДДТ тобы өте табысты жұмыс істеп жатыр. Биылғы жазда Юрий Шевчук гитаршы Дмитрий Емельяновпен бірігіп "Волки в тире" альбомын жариялаған болатын. Сондай-ақ, музыканттар биыл "Сборник песен №2" мен "ДДТ. Ремиксы" жинақтарын шығармақ.
ДДТ тобы. Фото тобының ресми телеграмынан алынды
ДДТ тобы. Фото тобының ресми телеграмынан алынды

Осы демалыс күндері Қонаевта Family Fest рок-фестиваль өтіп, оған бірнеше ресейлік әртістер де қатысты. Сол фестивальдің сахнасында танымал ДДТ тобы қазақ тілінде ән орындап, қазақ жанкүйерлерін қуантты.

Әлеуметтік желіде аңызға айналған ресейлік тобының бейнелері пайда болды. Музыканттар өздерінің «Ты не один» композициясын қазақ тілінде орындады. Қазақстандық жанкүйерлерді мұндай әрекеттері іші-бауырды жібітті.

Осы жылы ДДТ тобы өте табысты жұмыс істеп жатыр. Биылғы жазда Юрий Шевчук гитаршы Дмитрий Емельяновпен бірігіп "Волки в тире" альбомын жариялаған болатын. Сондай-ақ, музыканттар биыл "Сборник песен №2" мен "ДДТ. Ремиксы" жинақтарын шығармақ.