Мумий Тролль - бәрімізге белгілі ресейлік топ. Ол 1983 жылы құралған болатын. Осы шолу барысында Лагутенко және компанияның 5 қызықты концерттерін қарап шығайық. "Горбушка" мәдениет сарайы (17-18 желтоқсан 1998 жыл). Мәскеудегі ең бірінші концерттер аңызға айналған Горбунов атындағы мәдениет сарайында өткен болатын. Лагутенко топты 1983 жылы құрғанымен Мумий Тролль көпшілікке тек 1997 жылы танымал болды. 1998 жылдың соңында топ бірнеше хиттерді шығарып, "рокапопс" деген жанрдың көшбасшысы атанды. Земфира ол кезде өз ұжымымен бірінші альбомын жазып тұрған уақыты еді. Мумий Тролльдің музыканттары сол дебюттық альбомын реттеуге Земфираға студияда көмектесіп жатқан. Ал менің сол кезеннің ең сүйікті әні аса танымал "Дельфины" әні болатын. Live @ Москва. ДК Горбунова. Мумий Тролль (1998) - YouTube "Необыкновенный концерт" (25 қараша 2000 жыл). Гостиный двор атындағы көрме орталығында болған "Ерекше концерт" бәрін таң қалдырған еді. Соның сахнасында танымал болған хиттерді акустикалық түрде ұ