Найти тему
Qogam-media

Бірнеше жылдан соң Жетісуде жайылымдық жер проблемасы 3 есеге артады

Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев Көксу ауданы тұрғындарымен кездесу кезінде жайылымдық жердің тапшылығы проблемасын шешу үшін не істеу керектігін айтты. Өңір басшысы жеке қосалқы шаруашылықтарда ұстауға болатын мас басын реттеп, ауыл шаруашылық жерлер картасын жасау қажет екенін жеткізді, деп хабарлайды Аgroqogam.kz тілшісі.

Бейбіт Исабаевтың айтуынша, Көксуда пайдаланылмай жатқан жерлерді қайтару өте баяу жүріп жатыр. 50 мың гектардан астам жер үш шаруашылықтың қолында отыр.

«Жер қатынастары саласында өткен жылы 71,6 мың гектар пайдаланылмайтын ауыл шаруашылық жерлер анықталды. Бүгінге мемлекетке небәрі 12,7 мың гектары (17,7%) қайтарылған (2022 ж. – 7,6 мың га, 2023 ж. – 5,1 мың га). Үш ірі шаруашылық барлығы 50,9 мың гектар жайылымдық жерлерді пайдаланбай отыр. Атап айтқанда, 35,9 мың гектар – «Жанатов и 10 К» компаниясы (Күрішбаев С.М.), 10 мың гектар – «Лебай» серіктестігі (Баядилов Халық), 5 мың гектар – «Ак и Компания» серіктестігі (Искаков Р.Н.). Жер пайдаланушыларға жерді игермегені үшін заңнамаға сәйкес шаралар қабылдау керек (1 жыл мерзімге нұсқамалар берілген)», – дейді ол.

Осыған байланысты сапар барысында аудан әкіміне бұл бағыттағы жұмысты жалғастыру тапсырылды. Әкімнің ауданға ісспары кезінде тағы да бір топ тұрғын жайылым жетіспей жатқанын айтып, наразылығын білдірген. Жамбыл ауылының азаматтары мал шаруашылығын дамыта алмай отырғанын айтып, қынжылды. Бұл ретте Исабаев өткен жылы халыққа жер үлестіру бойынша бір ғана конкурс ұйымдастырылғанын атап өтті. Ал бұл төмен көрсеткіш, дейді Жетісу басшысы.

Продолжение у нас на сайте

#agroqogamkz #agro #agronews