Қаржылық фейр-плей ережелеріне шолу жасаған кезде бұл реттеудің кейбір сәттерде тиісті түрде жүзеге аспайтыны туралы жазғанмын. Осы постта нені меңзегенім туралы жаза кеттім, яғни УЕФА мен «Ман Сити» арасындағы ҚФП бұзылу негізінде орын алған дауды талдауға кірістім. Оған қоса, мақалада УЕФА ҚФП ережелерінің бұзылуы жайлы кейстерін басынан бастап соңына дейін қалайша жүзеге асатыны туралы да мәлімет бар.
Істі қозғау механизмі
Қаржылық фейр-плей реттеулеріне сәйкес «УЕФА» жарыстарына қатысатын клубтар өз мүмкіндіктерінен (табыстарынан) асатын қаржылық операциялар жасамауы және кешіктірілген төлемдері болмауы тиіс. Бұл регламент реттеулеріне сәйкес «шығынсыздық» (break-even) және «кешіктірілген төлемдердің жоқтығы» (no overdue payables) талаптары арқылы қамтамасыз етіледі. Қаржылық фейр-плей не екенін және оның топ клубтарға неліктен икемді реттеу екені туралы мына постта жазылған.
ҚФП ережелері болжамды түрде бұзылу фактісін УЕФА-ның Клубтардың Қаржылық Бақылау Органы (UEFA’s Club Financial Control Body) тергеу жүргізеді, бұл органның әрекет ету шеңбері процедуралық ережелерге сәйкес реттеледі. CFCB бір-бірінен тәуелсіз екі палатадан тұрады — Бірінші Палата (First Chamber) және Апелляциялық Палата (Appeals Chamber). Тергеу палатасының рөлі айыпталушыға қарсы барлық қажетті дәлелдерді, айғақтар және құжаттарды жинау болып табылады.
Тергеу аяқталғаннан кейін тергеу палатасында УЕФА Клубтардың Қаржылық Бақылау Органының қызметін реттейтін процедуралық ережелердің 14-бабында іс дамуының төрт жолы көрсетілген. Олар не істі жауып тастай алады, бітімгершілік келісімге келе алады («Сити» 2014 жылы ҚФП-ді бұзғаны үшін жасаған), 100 000 еуро көлемінде айыппұлмен ескерту жасай алады немесе істі сот палатасына жібере алады.
Сот палатасын істі қарағаннан кейін келесідей шешім қабылдай алады:
істі тоқтату;
клубтың УЕФА клубтық жарыстарына қатысу шешімін қабылдау немесе қабылдамау;
тәртіптік жаза қолдану;
немесе тергеу палатасының шешімін өзгерту туралы шешім қабылдауға құқылы.
Тәртіптік жазаларға келетін болсақ, Судьялар палатасы ескерту, айыппұл салу немесе ұпай алып тастаудан бастап, УЕФА жарыстарында жеңімпаз атығынан айыруға немесе жарыстардан дисквалификациялауға дейінгі тәртіптік шаралар қолдана алады.
Процедуралық регламентінің 34-бабы клубтарға CFCB шешіміне Спорттық төрелік сотқа (Court of Arbitration for Sport (CAS)) шағымдану құқығын береді.
Юрисдикция
Клуб УЕФА турниріне қатысқан кезде, УЕФА мүше қауымдастығынан оған осы турнирге қатысу үшін лицензиялаудан өту керек. Сити жағдайында Чемпиондар Лигасына іріктеуден кейін Англия футбол қауымдастығы «Манчестер Ситиге» Чемпиондар Лигасына қатысуға лицензия береді. Бұл лицензиямен байланысты бірқатар міндеттемелер жүреді және осы міндеттемелердің бірі ҚФП ережелерін сақтау болып табылады.
Процедуралық ережелерінің 3-бабы бақылау органына ҚФП ережелеріне қайшы келуі мүмкін кез-келген лицензиаттың мінез-құлқын бақылауға, тексеруге құқық береді. Бұл УЕФА-ға Der Spiegel жасаған құжаттардың тарауына байланысты «Ситиге» қарсы тергеу бастауға заңды негіз берді. Der Spiegel-ге сәйкес «Ман Сити» Etihad Airlines компаниясының демеушілік келісімі ретінде өзінің Abu Dhabi Group холдингінен 59,5 миллион фунт стерлинг төлемін жалған деклариялаған.
УЕФА vs Манчестер Сити
Жарияланған құжаттар «Ситидің» иесі шейх Мансур бен Заид Әл-Нахаянның өз елінің Etihad авиакомпаниясы арқылы «Ситиге», стадионға және академияға 67,5 миллион фунт стерлинг сомасында жыл сайынғы үлкен демеушілік қолдау жүзеге асырғанын көрсетеді. Алайда таралып кеткен электрондық хаттардың бірінде 2015-16 маусымдағы осы демеушілік көмектен тек 8 миллион фунт стерлингін Etihad компаниясы тікелей қаржыландырғаны, ал қалғаны «Ситиге» тиесілі Мансурдың жеке компаниясы Abu Dhabi United Group-тан келгені айтылады.
ҚФП ережелері клубтарды ойыншыларға жалақы мен трансферлік төлемдерге клуб иелерінің ішкі субсидиялары арқылы қаржыландырылып шамадан тыс көп қаражат жұмсауға емес, керісінше, шығынсыздыққа итермелеуге және тек кірістер түрінде алатын ақшаларын жұмсауға бағытталған. ҚФП жүйесіндегі демеушілік – клубтардың қаржылық есептілігінің және олардың ойыншыларды сатып алу қабілетінің маңызды элементі және демеушіліктен келетін қаражат иелерінің жасырын субсидиясы емес сыртқы компаниялардан түсетін коммерциялық кіріс болуы керектігін көрсетеді.
УЕФА мәлімдемелеріне сәйкес тергеу басталғаннан кейін «Сити» тергеу процесіне көмектесуге, қажетті құжаттарды беруге бас тартты. Осыған және жоғарды келтіргендерді басшылыққа алып, CFCB сот палатасы «Ман Сити» УЕФА клубтарды лицензиялау мен қаржылық фейр-плей ережелерін өрескел бұзғаны туралы шешім қабылдап, 30 миллион еуро сомасындағы айыппұл тағайындап және УЕФА жарыстарына қатысу құқығынан 2 жылға айырды.
Манчестерлік клуб өзінің кінәлі еместігі туралы талассыз дәлелдерін бар екені, УЕФА процедуралық ережелерді бұзғаны және келтірілген бұзушылықтардың ескіру мерзімі өткені туралы мәлімдеп, процедуралық ережелердің 34-бабына сәйкес Спорттық төрелік сотына апелляцияға берді.
CAS қарастырған апелляциялық ісі жайында жеке пост жазатын болдым.
Сол себепті жалғасын күтіңдер...
Егер мақала ұнаса, осындай контентке толы телеграм арнама жазыл.
https://t.me/bcsula