Статистикалық терминдер: xG (expected goals) – команда не ойыншы матчта қанша гол соғарлық мүмкіндік иеленгенін сипаттайтын көрсеткіш. xA (expected assists) – команда немесе ойыншы неше нәтижелі пас беру керектігін көрсететін статистика. NPxg (non-penalty expected goals) – пенальти және автоголсыз xG көрсеткіші. xGA (expected goals against) – қарсылас команданың xG көрсеткіші. xPTS (expected points) – команданың турнирде қанша ұпай алу керектігін xG және xGA негізінде есептейтін статистика. PPDA (Passes allowed Per Defensive Action) – қарсылас команда допты жоғалтар алдында қанша пас жасайтынын көрсететін мәлімет, прессингтің интенсивтілігін, стилін (агрессивті/орташа/баяу) анықтайды. Бұл көрсеткіш қаншалықты төмен болса, прессинг соншалықты агрессивті екенін білдіреді. Packing – алдыға берілген пастың қанша ойыншыны кескенін (доптың артында қалдырғанын) айқындайтын көрсеткіш. Impect - алдыға берілген пастың қанша қорғаушыны кескенін (доптың артында қалдырғанын) айқындайтын көрсеткіш.