Найти в Дзене

Заманауи футболды құрған сот шешімі

Босман ісі және оның алғышарттары Босман кейсі – 1995 жылы Еуропалық соттың футболды біржолата өзгерткен шешімі. Бұл істе сол кездегі футболшылардың трансферлік жүйесі мен Еуропалық Одақ ішіндегі легионерлер лимитінің заңдылығына қатысты дау орын алды. Босман ісіне дейін еуропалық футболдағы ойыншылардың трансферлері мен легионерлік лимитқа қатысты ережелері мүлдем басқаша болатын. Осы шешімге дейін футболшы өзінің клубымен келісімшарты аяқталғанына қарамастан, тек екі клубтың келісімімен ғана басқа клубқа ауысуға құқылы болған. Сол кездегі регламенттік реттеулерге сәйкес клубтар келісімшарты аяқталған ойыншы үшін 2,5 жылдық мерзім ішінде компенсацияға құқығын сақтаған. Басқаша айтқанда, футболшының контракт аяқталғанына байланыссыз, сатып алушы клуб трансферлік төлем жасауға міндетті болатын немесе сатушы клуб өз қалауымен ойыншыны тегін жіберуге рұқсат бергенде ғана трансфер жүзеге асуы мүмкін болатын. Екіншіден, Босман ісіне дейін Еуропалық ұлттық лигаларда, сондай-ақ УЕФА клубтық ж
Оглавление

Босман ісі және оның алғышарттары

Босман кейсі – 1995 жылы Еуропалық соттың футболды біржолата өзгерткен шешімі. Бұл істе сол кездегі футболшылардың трансферлік жүйесі мен Еуропалық Одақ ішіндегі легионерлер лимитінің заңдылығына қатысты дау орын алды.

Босман ісіне дейін еуропалық футболдағы ойыншылардың трансферлері мен легионерлік лимитқа қатысты ережелері мүлдем басқаша болатын. Осы шешімге дейін футболшы өзінің клубымен келісімшарты аяқталғанына қарамастан, тек екі клубтың келісімімен ғана басқа клубқа ауысуға құқылы болған.

Сол кездегі регламенттік реттеулерге сәйкес клубтар келісімшарты аяқталған ойыншы үшін 2,5 жылдық мерзім ішінде компенсацияға құқығын сақтаған. Басқаша айтқанда, футболшының контракт аяқталғанына байланыссыз, сатып алушы клуб трансферлік төлем жасауға міндетті болатын немесе сатушы клуб өз қалауымен ойыншыны тегін жіберуге рұқсат бергенде ғана трансфер жүзеге асуы мүмкін болатын.

Екіншіден, Босман ісіне дейін Еуропалық ұлттық лигаларда, сондай-ақ УЕФА клубтық жарыстарында Еуропалық Одақ азаматтарына қатысты легионерлік лимит жүйелері болған. Лимит жүйелері белгілі бір матчта шетелдік ойыншылардың шектеулі саны ғана ойнай алатындығын білдіреді. Мәселен, сол кездегі лимитқа сәйкес нидерланд азаматы Франция клубында шетелдік ретінде саналып, лимитқа сәйкес келіп тұрса ғана, клуб оны ойнатуға құқылы болған.

Істің мән-жайы мен шешімі

Жан-Марк-Босман «Льеж» футбол клубымен 4 жылдық контракт келісімі аяқталғаннан кейін франциялық «Дюнкерк» құрамына көшуге бел буды. Белгиялық клуб Босман үшін өте жоғары, 250 мың евро сомасындағы, трансферлік төлемді сұрауына байланысты трансфер жүзеге аспады.

Өзін осындай сәтсіздік жағдаятта тапқан Босман сот төрелігіне сенім артуға мәжбүр болды. Босман мұндай трансферлік жүйені әділетсіз деп санап, УЕФА, БФА және Льежге қарсы соттасу процесін бастады. Ол трансфер ережелерін Еуропалық Одақтың заңнамасындағы маңызды қағидаттарының бірі - еркін қозғалу құқығына қайшы келетіні туралы мәлімдеген.

5 жылдық сот соғысы нәтижесінде Босманның 3 ісі де Еуропалық сотқа жетіп, оның пайдасына шешілді. Сот УЕФА енгізген трансферлік ережелер Еуропалық Одақтың жұмысшылардың еркін қозғалысы және ұлттық негізде кемсітушілікке тыйым салу қағидаттарын бұзады деп шешті.

Жұмысшылардың еркін қозғалу принципіне сәйкес, Еуропалық Одаққа мүше елдердің азаматтары азаматтығы бойынша кемсітусіз Одақтың кез-келген басқа елінде жұмыс істеуге құқылы. Бұл қағида ЕО заңнамасы бойынша жұмысшылар болып саналатын футболшыларға да қатысты болған.

Осыған сәйкес сот трансферлік реттеулер футболшылар үшін Еуропалық Одақтың бір мемлекеттен екінші мүше-мемлекетке жұмыс істеу мүмкіндігін қиындатып, шектеу қойғанына байланысты жұмысшылардың еркін қозғалысы қағидасы бұзылған деп шешті. Яғни футболшылар, жұмысшылар ретінде, трансферлік төлем немесе басқа шектеулерге ұшырамай, келісімшарт аяқталғаннан кейін бір клубтан екіншісіне еркін ауысуға құқылы деп шешті.

Оның алдындағы трансфері үшін «Льеж» бельгиялық ойыншы үшін 66 мың евро төлегенін айта кету қажет. Содан кейін «Льеж» өзі Босманға контракт ұсынды, оның шарттарына сәйкес ойыншы алдынғы контрактына қарағанда 75 пайызға төмен жалақы алатын болды. Жан-Марк мұндай әділетсіз ұсынысты қабылдамаған соң, Бельгиялық Футбол Ассоциациясы оны белгиялық лигаларында ойнау құқығынан айырды.

Босман ісінің арқасында футболшылар:

Еркін агент ретінде клубты ауыстыруға құқылы; және
ЕО аумағында легионер ретінде саналмайтын болды.
-2

Кейінгі әсері

Босман ережесі ойыншыларды клубтардың байлаулы зындандарынан босатқан соң, бұл еркіндік көптеген эксперттердің пікірлеріне сәйкес футболдық тепе-теңдік күшін клубтардан футболшыларға өткізді.

Орын алған жағдай ойыншыларға жоғары жалақы мен жақсы шарттар туралы келіссөздер жүргізуге мүмкіндік берді, сонымен қатар ойыншылардың бір клубтан екіншісіне ауысуын жеңілдете түсті. Оған қоса осы шешімге байланысты, клубтар ең озық ойыншыларды өзіне тарту және өзінде ұстап қалу үшін көп күш салуға мәжбүр болды.

Осыған байланысты ең жиі келтіретін мысал – «Арсенал» аңызы Сол Кэмпбеллдің контракт шарттарының өсуі. Егер 1991 жылы АПЛ-да жалақысы 10 мың фунттан асатын ойыншы болмаса, 10 жылдан кейін ағылшындық 100 мың фунт тапқан алғашқы ойыншы болды.

-3

Босман кейсі ойыншыларға жағымды әсер еткенімен, оның футболға қатысты жағымсыз салдарлары да бар деген ойлар кездеседі. Бұл ереже ойыншылардың күшінің өсуіне әкеп соқтырып, шағын клубтар ірі клубтардың қаржылық мүмкіндіктерімен бәсекелесу үмітін үзген. Сондай-ақ, ойыншылар қаржылық пайда табу үшін басқа клубтарға жиі ауысатын болып, олардың адалдығының төмендеуіне әкелді деген алаңдаушылық пікірлер бар.

Бір жағынан, осы маусымдағы «Бенфика» немесе 2018/19 маусымдағы «Аякс» сияқты командалардың Чемпиондар Лигасында сәтті өнер көрсетуі – ғажайып сенсация, әрі олардың футбол жүйесінің тер төгілген жұмысының еңбегі болып табылады. Кезінде бұл клубтардың еуропалық алаңда сапалы нәтиже көрсетуі шарт болған. Мәселен, Босман шешімі қабылданғанға дейін ЧЛ-да екі клубта 5 жеңіс пен 6 финал бар, шешімнен кейін Еуропаның басты турнирінде екі команда тек бір финалға қатыса алған.

-4

Екінші жағынан, ірі клубтардың қаржылық басымдылығы арқасында біз, көрермендер, апта сайын үздік бапкерлердің басшылығындағы ең озық ойыншылардан құралған құрамдардың шайқасын көре аламыз. Бұндай жағдай ойындардың тек тактикалық тұрғысынан ғана емес, сонымен қатар ойын-сауықтық аспектісінің сапалығын арттырады. Осылайша, спорттың өрлеуіне үлес қосып, жаңа жанкүйерлерді жаулап алуға көмектеседі. Бұндайды теріс әсер деп айту қиын.

-5

Босман кейсі – ойынды түбегейлі өзгерткен және әлі де көптеген жылдар бойы футболды анықтайтын фундаменталды шешім.

Кейбір жағымсыз салдарларға қарамастан, Босман ережесі футболдың іске асу қағидаттарын түбегейлі өзгертті және спортты ашық бәсекелестік жолына итермеледі. Бұл шешімсіз осы ойынның тарихын жазған, футболға деген ғашықтық сезімімізді оятқан Еуропаның үздік командаларын көре алуымыз екіталай шаруа еді.

Егер мақала ұнаса, осындай контентке толы телеграм арнама жазыл.
https://t.me/bcsula