Виртуалды зертхана- оқу материалдарына қажетті шынайы нысандарсыз компьютерлік модельдеу арқылы тәжірибе жүргізудің бағдарламалық- аппараттық кешені.
Виртуалды зерттеу жұмысын жүргізу арқылы оқушылардың зерттеушілік құзыреттілігін дамыту
Қазақстан Республикасында білім беру жүйесіндегі модернизациялау үдерісі – білім мазмұны мен сапасын арттыру, білім берудің ұлттық моделін жетілдіру, ақпараттық технологиялар жөнінде жаңаша педагогикалық көзқарас қалыптастыру секілді кешенді шараларға тікелей қатысты. Әлем тәжірибесі көрсеткендей, кез-келген мемлекеттің экономикалық жетістігі сол елдің білім жүйесі мен азаматтарының білім дәрежесіне байланысты. Өйткені білім арқылы ғана қоғамның интеллектуалдық капиталы мен инновациялық әлеуеті қалыптасады.
«Құзыреттілік» түсінігі білім беру саласында 1960-1970 жылдардағы шетел әдебиеттерінде, ал 1980 жылдардың соңында отандық әдебиеттерде кездесті. «Кәсіби құзыреттілік, жете білушілік» ұғымын енгізудің қажеттілігі оның мазмұнының кеңдігімен, интегративтік сипатымен, «кәсіптілік», «біліктілік», «кәсіби мүмкіндіктер» және т.б. түсініктерді біріктіреді.
- Л.М Митина «құзыреттілік» ұғымына «білім, дағды, білік, сонымен қатар практикада, тілдесімде, жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуда қолданатын тәсілдері», - деген анықтама береді.
- Г.Ж Ниязова зерттеу жұмысында «құзыреттілік» ұғымына «Білім беру құзыреттілігі – бұл студенттің мағыналық бағдарлары, білімдері, біліктіліктері мен тұлғалық және әлеуметтік іс-әрекетін жүзеге асыруына қажетті нақты анықталған объектілер шеңберіне қатысты тәжірибелерінің жиынтығы» ,- деп анықтама береді.
Оқушылардың виртуалды зертханалық жұмыстарды жүргізу барысында зерттеушілік құзыреттіліктерін қалыптастырып, дамыту үшін келесідей бағыттарды ажыратуға болады:
- зерттеу сапасын дамытуға бағытталған оқу-әдістемелік кешендерді пайдалану;
- ақпаратпен өз бетімен жұмыс істеудің тиімді әдіс-тәсілдерін қалыптастыру, оқушылар қабылдауының жастық және жеке тұлғалық ерекшеліктерін ескеру;
- жалпы білім беру үдерісіне жобалар және зерттеу технологияларын енгізу: сабақтан тыс уақытта оқушылардың интеллектуалды тәрбиеленуі бойынша тұлғаға бағытталған жұмыстар жүйесін пайдалану.
Пайдаланылған мәліметтер тізімі:
Мақаланың авторы:
Әуезхан Камила Асқарқызы- №210 мектеп- лицейінің биология пәні мұғалімі