Сипайлар атауы Ұлы Моғол империясы дәуірінен бастау алады. Үндістанды басқарған Мұсылман түркілерден құрылған Ұлы Моғол империясы өзінің әскери әлеуметін нығайту үшін қосымша әскер жасақтауға мәжбүр болғаны белгілі. Себебі, Ұлы Моғол империясы өз халқына соғыстағы үлесі үшін жер беруге мүмкіндігі бола бермеді. Ауған мемлекетімен Маратхалардың шабуылын тойтарып, жаңа жерлерді иелену үшін Ұлы Моғол империясына қосымша жалдамалы әскер керек болды. Ұлы Моғол империясындағы жалдамалы әскер - сипайлар деп аталды. Кейін Үндістанның оңтүстігіне орныға бастаған ағылшындар сипайлар атауымен жергілікті халықтардан жалдамалы әскер жасақтады. Ағылшындардың Үндістанға ішкерілей ене бастауымен сипайлар әскерінің саны артып, Ост-Үнді компания тарапынан қаржыландырыла бастады. Ағылшындардың қаруымен жасақталып, әскери тактикасын үйренген Ост-Үнділік компания жергілікті княздықтарға айбат көрсетіп, бірінен соң бірін басып ала бастады. Ағылшын тамағымен тамақтанатын Үндістандағы Ост-Үнді компаниясының с
Сипайлар деген кімдер және олар неге көтеріліске шықты
8 февраля 20258 фев 2025
9
1 мин